07 Желтоқсан, 2016

Инфляция 11 айда 7,5% болды

183 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2016 жылғы қарашада инфляция 1,2% (2015 жылғы қарашада – 3,7%) болды, деп хабарлайды Ұлттық банк. Азық- түлік тауарлары 2,0%-ға (3,3%-ға), азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 0,9%-ға (6,5%-ға), ақылы қызмет көрсету – 0,5%-ға (1,4%-ға) қымбаттады. Азық-түлік тауарлары нарығында 2016 жылғы қарашада жұмыртқаның бағасы – 18,0%-ға, көкөністер – 9,0%-ға, нан – 2,3%-ға, кондитерлік өнімдер – 2,0%-ға, жемістер – 1,9%- ға, алкогольсіз сусындар – 1,8%-ға, сүт өнімдері – 1,7%-ға айтарлықтай өсті. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар арасында дизель отынының бағасы 4,0%-ға, бензин – 2%-ға, галантереялық тауарлар – 2%-ға, тұрмыстық және тоқыма бұйымдар – 1,8%-ға, дәрі- дәрмектер – 1,3%-ға өсті. Ақылы қызмет көрсету тобында амбулаторлық қызмет көрсету 1,3%-ға, көлік – 0,8%- ға, тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсету – 0,6%-ға, оның ішінде ыстық судың тарифтері 2,8%-ға, орталық жылыту – 1,1%-ға қымбаттады. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ресми деректері бойынша 2016 жылғы 11 айда инфляция 7,5% (2015 жылғы 11 айда – 12,3%) болды. Бұл ретте азық-түлік тауарларының бағасы 7,8%-ға (9,6%-ға), азық-түлікке жатпайтын тауарлар 8,6%-ға (21,3%-ға) өсті. Ақылы қызмет көрсету 11 айда 6,0%-ға (6,7%-ға) қымбаттады