07 Желтоқсан, 2016

Ұлттық қордың активтері 61 млрд долларды құрады

205 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Алдын ала деректер бойынша 2016 жылғы қарашада Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жалпы халықаралық резервтері 2016 жылғы қарашаның соңында 29,8 млрд АҚШ долларын, таза халықаралық резервтер (Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін қоспағанда) 29,3 млрд АҚШ долларын құрады, деп хабарлайды Ұлттық банк. 2016 жылғы қарашада Ұлттық Банктің халықаралық резервтері 704,6 млн АҚШ долларына немесе 2,3%-ға төмендеді. Шетел валютасындағы активтер 119,7 млн АҚШ долларына азайды, ал алтындағы активтердің бағасы бір айда 6,8%-ға төмендеген кезде жүргізілген операциялар нәтижесінде алтындағы активтер 584,8 млн АҚШ долларына қысқарды. Ұлттық Банктің халықаралық резервтерінің азаюы банктермен жасалған валюталық- пайыздық своп операцияларын өтеу, Ұлттық қордың активтерін толықтыру бойынша және Үкіметтің сыртқы борышына қызмет көрсету бойынша операциялар жүргізу, сондай-ақ алтындағы активтерді қайта бағалау есебінен болды. 2016 жылғы 11 айда Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері 29,8 млрд АҚШ долларына дейін 7,0%-ға ұлғайды, Ұлттық қордың активтері 3,9%-ға төмендеп 61,0 млрд АҚШ долларын құрады. Алдын ала деректер бойынша Ұлттық қордың активтерін қоса алғанда, жалпы елдің халықаралық резервтері 90,9 млрд. АҚШ долларына дейін 0,6%-ға азайды. Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін қоса алғанда, елдің жалпы халықаралық резервтері (жедел деректер бойынша 61,0 млрд. АҚШ доллары) 2016 жылғы қарашада 2,0%-ға төмендеп, 90,9 млрд. АҚШ долларын құрады. Ақша базасы 2016 жылғы қарашада 4 671,1 млрд. теңге болды, оның бір айда кеңеюі 7,4% құрады ( жыл басынан – 1,7%-ға тарылды). 2016 жылғы қазанда ақша массасы – 0,7%-ға (жыл басынан 12,3%-ға ұлғайды), айналыстағы қолма-қол ақша – 0,8%-ға (жыл басынан 27,2%-ға ұлғайды), банк жүйесіндегі депозиттер көлемі – 0,7%-ға (жыл басынан 11,2%-ға ұлғайды) ұлғайды. Ақша массасының құрылымындағы депозиттердің үлесі 2016 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда өзгермеді және 2016 жылғы қазанның соңында 91,9% ( 2015 жылғы желтоқсанда – 92,8%) құрады.