07 Желтоқсан, 2016

Елбасы Атырау облысына келді

164 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Атырау облысына келді. Қазір  мұнай-газ өнеркәсібінің өкілдерімен кездесуі басталды. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев өңірдің экономикалық-әлеуметтік дамуы туралы баяндады. Сондай-ақ, Энергетика министрі Қанат Бозымбаев еліміздегі мұнай-газ өнеркәсібінің өркендеу барысы туралы айтты. Сапар аясында мұнай-газ өнеркәсібі саласындағы ірі жобалар телекөпір арқылы таныстырылады деп жоспарланған. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан».