Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатында Астананың «Барысы» Екатеринбургте жергілікті «Автомобилист» командасымен кездесіп, 4:3 есебімен жеңіске жетті.
Жанкүйерлер тартысты бәсекенің куәсі болды. Кездесудің 6-минутында «Барыс» сапынан Иван Кучин есеп ашса, 12-минутта Роман Старченко есепті еселеді.
Матчтың екінші кезеңінде барлығы төрт шайба соғылды. 24-минутта айдын иелерінен Артем Гареев есеп айырмасын қысқартқанмен, елордалықтар 28-минутта екі шайба айырмасымен қайтадан алға шықты. Бұл жолы Кори Тривино нәтижелі соққының авторы атанды. Астаналықтардың ойыншы басымдығына ие болғанын айта кеткен жөн. Айдын иелері намысқа тырысып, 30-минутта Алексей Симаковтың көмегімен екінші шайбаларын соқты. Ал 36-минутта Константин Пушкаревтің соққысы көздеген жерінен дәл табылып, «Барыстың» соңғы әрі жеңісті голын соқты.
Үшінші кезеңде «Автомобилист» хоккейшілері тағы бір мәрте шайба соқты. Ойыншы басымдығын пайдаланып, 43-минутта Артем Гареев мергендігімен көзге түсті. Алайда, бұдан кейін қанша тырысқанмен, таблодағы есеп төрешінің ысқырығы естілгенге дейін өзгеріссіз қалды.
Осылайша, елордалықтар маусымдағы 17 жеңісіне қол жеткізді. Эдуард Занковецтің шәкірттері 50 ұпаймен «Шығыс» конференциясында 10-орында келеді. Келесі кездесуін 9 желтоқсан күні «Югра» командасымен өткізеді.

41 градус аяз: Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 21:32
Атырау қаласын шаңды дауыл басып тұр
Аймақтар • Бүгін, 21:19
Парламент депутаттары қылмыстық қауіп-қатерді болжау жүйесінің тиімділігін талқылады
Ата заң • Бүгін, 20:48
Ризабек Айтмұхан Албаниядағы турнирде қола медаль жеңіп алды
Күрес • Бүгін, 19:30
«Көктем-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді
Қоғам • Бүгін, 18:45
Алматыда LRT қашан іске қосылатыны белгілі болды
Қоғам • Бүгін, 18:26
Атырау облысында енесін өлтірген келін қылмыстық жауаптылықтан босатылды
Аймақтар • Бүгін, 18:18
Астанада «Замана жаңғырығы» этно-балетінің тұсаукесері өтеді
Театр • Бүгін, 18:03
Шымкентте мектеп мұғалімі 7 жастағы оқушыны қорлады деген күдікке ілінді
Оқиға • Бүгін, 17:52
Жұмыссыздық бойынша төлем қалай тағайындалады?
Қоғам • Бүгін, 17:45
Тоқаев ЕАЭО-ға кіретін көліктерге қойылатын талаптарға қатысты құжатқа қол қойды
Президент • Бүгін, 17:39