Онда ұялы байланыс болмайды және логотип өзгереді
Алматы тұрғындары 20 жылдан астам тағатсыздана күтіп жүрген метро Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына орай қалалықтар игілігіне берілмек. Бұл күндері құрылысы толық аяқталған метрода дайындық жұмыстары қарқын алуда. Метроның сәулеттік сән-салтанаты қандай екенін ел оған отырғанда біле берер. Қазіргі белгілісі, Алматы метрополитені ұялы байланыспен қамтамасыз етілмейді және оның символы өзгереді.
Қалай десек те, ендігі жерде метроның уәде етілген мерзімде іске кірісуі қай жағынан да аса маңызды. Ал метроның ұялы байланыспен қамтылмайтындығына келсек, бұл қадам Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігі үшін жасалған шара. Егер елдің есінде болса, Мәскеу мен Минскідегі терактілер ұялы байланыстың көмегімен іске асқаны белгілі. Метро баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, құқық қорғау органдары басқа елдерде орын алған қайғылы оқиғаларды қаперге ала отырып, метро стансалары мен құрылғыларына ұялы байланыс қызметін енгізбеу жайлы кеңес берген. Бірақ, осыған қарамай, кейбір ұялы байланыс операторлары метрода өз абоненттеріне қызмет көрсетуге дайын екендігін білдіріп, тек рұқсат алуды ғана күтіп отырған жайы бар.
Ал 7 стансадан тұратын, ұзындығы 8,56 шақырымды құрайтын Алматы метросының бірінші кезегі желтоқсан айында жұрттың игілігіне берілетіндігінен халық құлағдар болып отыр. Және Алматы метросының логотипі де көпшіліктің көңілінен шықпай жүргендіктен, биыл оның белгісіне байқау жарияланған болатын. Бұл жарысқа жаз айларында 180-ге тарта жұмыс қатысып, 57 адамның 96 жұмысы сараптамалық комиссия мен қоғамдық талқылауға ұсынылған-ды. Оның ішінде тартымды деп табылған 8-і іріктеліп, 5-і қалалық құрылыс кеңесінің шешім қабылдауына аттандырылған еді.
Бұлар – Максим Малышев, РА MOVATORS idea farm, Антон Ахматов, Никита Франковский мен Руслан Сүлейменовтердің эскиздері болатын. Ең үздік деп табылған символ Алматы қаласы күнінде белгілі болуы тиіс еді.
Ал сараптамалық комиссия құрамында Қазақстан Дизайнерлер одағының төрағасы Тимур Сүлейменов, көптеген беделді халықаралық және қазақстандық байқаулардың жүлдегері Сергей Радионов, Астана күнінің 10 жылдығы және VII Қысқы Азия ойындарына кеңес берген Джанэт Жакиен сияқты дизайнерлер жұмыс істеген.
Ал осы аралықта Facebook әлеуметтік желісі арқылы ең көп дауысқа Асқар Махамбетжанов (70 дауыс), Сәкен Жолдас (154 дауыс), Антон Ахматов (87 дауыс) және Олег Зуев (51 дауыс) иемденген болатын. Алайда, қалалық кеңес бекіткен жаңа логотипке көңілі толмаған интернет-қолданушылар қызу қарсылық білдіргеннен кейін, шілде айында қайта конкурс жарияланды.
Енді ел қолдаған жаңа символды тұңғыш метро желтоқсанда жолға шығатын болады.
Айнаш ЕСАЛИ, Алматы.

Жетісу облысында күйеуін өлтірген көпбалалы ана қамауға алынды
Аймақтар • Бүгін, 16:30
Ақтауда заңсыз қайық айлағын салған кәсіпкер жауапқа тартылды
Аймақтар • Бүгін, 16:10
«Әділет» партиясы «AMANAT» партиясының қосылуын қолдады
Саясат • Бүгін, 15:25
Аймақтар • Бүгін, 15:10
Каспий теңізінде ағын алып кеткен 2 адам құтқарылды
Қоғам • Бүгін, 14:29
«AMANAT» партиясының мүшелері «Әділет» қатарына қосыла ала ма?
Қоғам • Бүгін, 14:00
Көкшетауда өртеніп жатқан үйден 3 газ баллоны шығарылды
Аймақтар • Бүгін, 13:38
Еліміздің барлық өңірінде «Әділет» партиясының филиалдары құрылады
Саясат • Бүгін, 13:13
Астанада «Әділет» партиясының II Съезі басталды
Саясат • Бүгін, 12:45
Эбола безгегінен қаза тапқандар саны 149-ға жетті
Әлем • Бүгін, 12:21
Қазақстан және Ресей шекарасында жүк көліктерінің ұзын-сонар кезегі пайда болды
Экономика • Бүгін, 11:47
Мемлекет басшысы АҚШ Президенті Дональд Трампқа құттықтау жеделхатын жолдады
Саясат • Бүгін, 11:32
Австралия құрамасы Түркияны 2-0 есебімен ұтты
Спорт • Бүгін, 11:12
Қытайдағы Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар қос алтынға қол жеткізді
Спорт • Бүгін, 10:59
Қазақ сәулет өнерінің көрнекті өкілі Алмас Ордабаев өмірден озды
Қоғам • Бүгін, 10:39