22 Қыркүйек, 2011

Қызмет көрсету орындары көбеймек

284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Астанадағы «Азия-Парк» сауда және ойын-сауық ор­та­лы­­ғын­да халыққа қызмет көрсету орта­лы­ғының өкілдігі ашылды. Оған Байланыс және ақпарат ми­нистрлігінің Мемлекеттік қыз­мет­тер­­­ді автоматтандыруды бақы­лау және халыққа қызмет көрсету орталық­та­рының қызметін үйлес­ті­ру комите­ті­нің төрағасы Бақыт Әбі­шев және Есіл ауданы әкімі Қайрат Жаңа­бер­ге­нов қатысты. Бақыт Әбі­шев өкіл­дік­тің неліктен сауда және ойын-сауық орталығында орналас­қан­дығын тү­сін­діріп берді. «Біз бү­гін Есіл ау­да­нының халыққа қызмет көрсету ор­талығының жылжымалы пунктін ашып отырмыз. Бұл қа­нат­қақты жоба болып табылады. Мұн­да азаматтар қызметтің 60 түрін пайдалана алады. Ашылуының басты себебі, мемлекеттік қызметті азаматтарға бір табан жақындата түсу. Бұдан бы­лай азаматтар көп жи­налатын, көп баратын орталықтарда жыл­жы­малы ХҚКО пунктінің саны арта бермек. Бұл азаматтардың уақы­т­ын үнем­дей­ді әрі олар «Электронды үкі­мет» ту­ралы ақпараттар алады. Аза­мат­тар­ға «Е-үкіметті» қалай қол­дану ке­ректігін үйретіп, элек­трон­ды сан­дық қолтаңба үлесті­рі­летін бо­лады. Өйткені, қазір көпте­ген мемлекеттік қызметтер автомат­тан­ды­ры­луда, сон­дықтан азаматтар оны үйде оты­рып-ақ ғаламтор ар­қылы алуды үй­ренуі керек, деді ол. Венера ТҮГЕЛБАЙ.