22 Қыркүйек, 2011

Астық тасымалына арналған кеңес

292 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ бас ғимаратында астық тасымалдау жөнінде кеңес өтті. Шараға Ауыл ша­руа­шылығы вице-министрі Мү­сілім Умиряев, компа­ния­ның пайдалану жөніндегі бас­қарушы директоры Қанат Әл­мағамбетов, сондай-ақ ком­па­нияның еншілес кәсіпорын­да­ры мен құрылымдық бөлім­ше­лер жетекшілері, астық кәсіпорындарының басшы­ла­ры қатысты. Ауыл шаруашылығы вице- министрі Мүсілім Умиряевтің ай­туынша, 2011 жылы еліміз бой­ын­ша 20 миллион тонна астық жинау жоспарланса, оның 10 мил­лион тоннасын экспортқа шығару көзделген. Қыркүйек айында астық та­сы­малдайтын 23 мың вагонға тап­сы­рыс түскен. Ал «ҚТЖ» ҰК» АҚ вагон паркінің мүмкіндігі шектеулі. Астық тасымалдайтын вагондардың жетіспеушілігіне бай­ланысты Үкіметтің шешімі бой­ынша қыркүйек-қараша айла­рында алдымен республикаішілік бағдарларға бидай жеткізу керек. «Азық-түлік келісім шарт кор­порациясы» АҚ тапсырысымен облыстық әкімдіктер арасындағы меморандум бойынша осы ара­лықта 500 мың тонна астық тасымалдау қажет. Отандық астық тасымалдау кәсіпорындарына вагон жетіспеген жағдайда өздерінің вагон паркін пайдалану және ресейлік ком­паниялардың вагондарын жалға алу жолы ұсынылған. Кеңес барысында жүк жөнел­ту­шілер мен қабылдаушыларға астықты кестеде көрсетілгендей дер кезінде тиеп, белгіленген мер­зімде түсіру жүктелсе, станса басшыларына тәулігіне 350 вагон астық тиеу, оның ішінде «Азық-түлік корпорациясы» АҚ тапсы­ры­сымен 200 вагонға астық тиеу жөнінде тапсырыс берілді. Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК.