22 Қыркүйек, 2011

Қазақстан-Франция қарым-қатынастарындағы жаңа қадам

366 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Бірқатар шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Фран­цияға жұмыс сапары туралы хабарлар таратуда. Оларда Қа­зақстан басшысының Франция Президенті Николя Саркозимен кездесуінің нәтижелі болғандығы туралы баяндалады. Қазақстан мен Франция президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Николя Саркози Қазақстан бас­шы­сы­ның Парижге жұмыс сапары шең­берінде екі ел арасындағы қыз­мет­тестікті одан әрі дамыту  жө­нін­де бірлескен декларация қабыл­дады. 19 қыркүйекте Франция Президенті Николя Саркозидің шақыруы бой­ынша Қазақстан Президенті Нұр­сұл­тан Назарбаевтың Парижде жұмыс са­пары өтті. Келіссөздерде мемлекеттер басшылары «Назарбаев-Саркози» президенттік комиссияның жұмысын, сая­си, экономикалық және мәдени-гу­ма­нитарлық салалардағы страте­гия­лық әріптестіктің жағдайы мен бола­ша­ғын, сол сияқты, өңірлік және ха­лық­аралық көкейкесті проблемаларды талқылады. *  *  * Қазақстан Президенті Нұрсұл­тан Назарбаевтың Францияға жұ­мыс сапары шеңберінде француз ав­тобустары үшін титаннан жоғары технологиялы өнімдер өндіретін бірлескен зауыт іске қосылды. Аталған кәсіпорынды француздың «Обер э Дюваль» компаниясы мен Өс­ке­мен титан-магний комбинаты бірлесіп құрып отыр. Қазақстан Президенті «Обер э Дюваль» компаниясының президенті Жорж Дювальмен кездесу өткізіп, бірлескен жобаны алға бастыру мәселе­лерін  талқылады. Қазіргі күні Өскемен титан-магний комбинаты «Обер э Дюваль» ком­па­ния­сымен бірлесіп авиация өнеркәсібі үшін өнімдер шығаратын екі зауыт ашып отыр. Парижде жұмыс сапарымен жүр­ген Қазақстан Президенті Нұр­сұлтан Назарбаев Франция Президенті Николя Саркозимен кездесіп, оның қорытындысында бірлескен Декларация қабылданды. Онда ке­ліссөздердің негізгі қоры­тын­ды­ла­ры мен тараптардың кешенді қыз­меттестікті одан әрі дамыту жөнін­дегі ниеттері көрініс тапқан. Франция мен Қазақстан бас­шы­лары келіссөздер барысында «Назарбаев-Саркози» президенттік комиссия жұмысын, сондай-ақ, жаһандық және өмірлік проблемаларды  талқылады. Қазақстан Президенті Нұрсұл­тан Назарбаев Атырау облысына жұ­мыс сапарын аяқтап, Францияға келді. Атырау облысында Президент «Шеврон» компаниясының металл-пластик құбырлар шығаратын жаңа зауытында болып, жұртшылық өкіл­дерімен кездесті. Сапар бары­сында Мемлекет басшысы жергілікті билік өкілдерімен өңірдің Тәуелсіздіктің 20 жылдығын тойлауға дайындық үдерісін, сол сияқты,  болашақ даму перс­пективаларын талқылады. Н.Назарбаев Француз Респуб­ли­ка­сы­на сапары барысында Франция Пре­зиденті Николя Саркозимен кездесті. Қазақстан Президенті Нұрсұл­тан Назарбаев сенбі күні Атырау әуежайынан Францияға ұшып келді. Мемлекет басшысы Француз Республикасына сапары барысында Франция Президенті Николя Саркозимен кездесті. Кездесуге сондай-ақ Премьер-Министрдің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Марат Тәжин және басқа да ресми адамдар қатысты. Қазақстан Президенті Нұрсұл­тан Назарбаевтың Францияға жұ­мыс сапары шеңберінде екі жақты сауда-экономикалық және ин­дус­трия­лық-технологиялық қызмет­тес­­тіктің жаңа перспективалары айқындалды. Атап айтқанда, екі ел басшылары Астана мен Париж арасында таяу уа­қыттарда тіке әуе қатынасы орнауына тілек білдірді. Оның сыртында екі ел президенттері «Қазатомпром» ҰАК» АҚ пен «Areva» тобының арасындағы әріп­тестіктің стратегиялық сипатын атап көрсетіп, «Қазатомпром» ҰАК» АҚ пен Франция геологиялық және тау-кен зерттеулер бюросы арасындағы жерде  сирек кездесетін металдар бой­ын­ша лаборатория құруға бағыт­тал­ған Стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойылуын құптады. *  *  * Қазақстан мен Франция президенттері 2013 жылы Қазақстандағы Франция мәдениеті маусымын және 2014 жылы Франциядағы Қазақ­стан мәдениеті маусымын өткізуге қолдау білдірді, делінген Нұрсұлтан Назар­баевтың Парижге жұмыс сапары қорытындысы бойынша қа­был­дан­ған бірлескен Декларацияда. Президент Николя Саркози Қа­зақстанға тағы да келу туралы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ша­қы­руын қабыл алды. Сапар мерзімі дипломатиялық арналар бойынша келісілетін болады, деп көрсетілген Декларацияда.