Кездесу барысында Маңғыстау облысы мен аталған компания арасында өңірде инвестициялық ахуалды жақсартуға қатысты бірлескен жұмыстардың бағыты талқыланды.
А. Конопляный «KAZAKH INVEST» компаниясының еліміздің инвестициялық саясатын жүргізудегі және халықаралық әлеуетті инвесторлармен өзара жұмыс жасауы туралы айтып берді.
«Kazakh invest» – шетелдік тәжірибеге негізделе құрылған ұлттық оператор. Негізгі міндеті – ірі шетелдік инвесторлармен келіссөздер жүргізу», – деді ол.
«Маңғыстау облысының алдында болашағы бар салалар – мұнай өндіру және мұнай сервистік қызмет көрсету, туризм, құрылыс, агроөнеркәсіптік кешен, транспорт және логистика салалары бойынша инвестициялар тарту міндеті тұр. Біз бірге жұмыс жасауымыз керек. Халықаралық инвесторларды өңірде басқа механизмдерді дамыту үшін қызықтыруымыз қажет. Біз барлық қажетті мүмкіндіктерді жасауға дайынбыз. Өңірде индустриялық аймақ бар», – деді аймақ басшысы.
Компания өкілдері де облыста инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасалғанын айтты. Аймақта инвестициялық ахуалды жақсарту, яғни инвестор тарту мақсатындағы жұмысты күшейту үшін «Kazakh Invest» компаниясы маңғыстауда өз филиалын ашатын болды.
Гүлайым Шынтемірқызы,
«Егемен Қазақстан».
Фото: Серік Майемеров.
АҚТАУ.
Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов «Kazakh invest» ҰК акционерлік қоғамы төрағасының орынбасары Біржан Қанешев пен «KAZAKH INVEST» ҰК акционерлік қоғамының басқарушы директоры Александр Конопляныйды қабылдады.
Жаңа тариф жергілікті халыққа тиімді
Табиғат • Бүгін, 17:48
Қарағанды облысында алты жасар бала өзенге батып кеткен
Төтенше жағдай • Бүгін, 16:22
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Қоғам • Бүгін, 15:45
Семейде 22 жастағы жігітті азаптап өлтірген күдікті 12 жылға сотталды
Қылмыс • Бүгін, 15:20
Қар, көктайғақ және тұман: Қазақстанда ауа райы күрт құбылуы мүмкін
Ауа райы • Бүгін, 14:52
Роза Рымбаева жаңа атаққа ие болды
Мәдениет • Бүгін, 14:10