С. Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапханасының бастамасымен, Жастардың бастамасын қолдау орталығының қолдауымен «Кереку өңірі Сұлтанмахмұт шығармаларын оқиды» жобасы аясында ақынды еске алу күні өтті.
Ақын 1920 жылғы 21 мамырда өмірден өтті. Ақынның ескерткіші 2000 жылы 25 қазанда орнатылған, 2009 жылы 14 желтоқсанда ескерткіш Сәтбаев көшесіне көшірілді.
Бұл күні С.Баязитов, К.Лунин, А.Алақанұлы, А.Оралхан сынды павлодарлық ақындардың, Шарбақты ауылының «Жыр жауһар» поэзиялық клубы өкілдерінің ақынға арнап жазған өлеңдері оқылды. Сондай-ақ, Павлодар мұнай-химия зауытының жұмыскерлері, Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары, Жастардың бастамасын қолдау орталығының жас буын өкілдері ақынның өлеңдерін оқыды.
Шарбақты ауданынан келген «Жыр жауһар» клубының мүшелері Бектасова Шолпан, Кузьгова Лиданың орындауында арнаулар оқылды. Жыл сайын облыс орталығында Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді, «Торайғыров оқуларын» дәстүрлі түрде өткізу бастамасын жергілікті университет өз қолына алды. Содан бері ақынның туған күні 28 қазанға орайластырылып жыл сайын «Торайғыров оқулары» атты ғылыми шара өтеді. Ақынның «Алаш ұраны» өлеңі сақталған.
Алаш туы астында
Күн сөнгенше сөнбейміз.
Енді ешкімнің алашты
Қорлығына бермейміз.
Адамдықтың жолына
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың ғұмыры қысқа болса да, соңына мазмұны мол, рухты шығармашылық мұра қалдырды. Ақынның поэзиясында еркіндіктің дабылы естіледі. Өлеңмен және прозамен жазылған романдар, философиялық және әлеуметтік поэмалар, очерктер қалдырды. Шығармашылығы еркін қоғам, қазақтың еркіндігі туралы арманға толы, елге, жерге деген ұлы сезімнен тұрады. Туған халқын отаршылдықтан, қанаудан азат етуге, ел бостандығына жалынды күрескер рухтағы өлеңдерімен үн қосты: «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болуға» ұмтылды.
Фарида Бықай,
«Егемен Қазақстан»
Павлодар.
Биыл өтетін «Бір ел – бір кітап» рухани-мәдени шарасы аясында Астанада өткен жиында зиялы қауым өкілдері «Жыл кітабы-2017» таңдауы бойынша ұсыныстарды талқыға салды. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі биыл ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларын оқуды ұсынған болатын.
Президентке жасанды интеллект саласындағы отандық өнімдер таныстырылды
Президент • Бүгін, 19:13
Жеке тұрғын үйлер кәріз жүйесіне қосылды
Аймақтар • Бүгін, 18:31
Ауыр атлетика федерациясының президенті ауысты
Спорт • Бүгін, 18:00
Көлікке жылқы тиеп алған Қарағанды тұрғыны ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 17:39
Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы сотталды
Оқиға • Бүгін, 17:15
Абай облысы мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:01