2017 жылы пилоттық жоба нәтижелеріне талдау жүргізу қажеттігіне байланысты Келісімнің қолданылу мерзімін 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылатын болды.
Сондай-ақ сенаторлар «Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ 1 және 6-дәліздерін қосатын «Ақтөбе – Мақат» автомобиль жолын реконструкциялау жөніндегі жоба) ратификациялау туралы» заң жобасын да талқылады.
2016 жылғы 7 желтоқсанда Астанада қол қойылған Келісім «Ақтөбе – Мақат» автомобиль жолын реконструкциялауды қаржыландыруға 240 300 мың АҚШ доллары мөлшерінде қарыз беруді көздейді. Республикалық бюджеттен қарызды бірлесіп қаржыландыру – 32 765 мың АҚШ долларын құрайды.
Қарыз 5 жылдық жеңілдікті кезеңді қоса алғанда, 18 жыл мерзімге беріледі. Қарызға қызмет көрсетуді және өтеуді республикалық бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жүзеге асыратын болады.
Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.