Форумда Астана қаласының инвестициялық мүмкіндіктері мен жобалары ұсынылды. Астана мен Әбу-Даби қалаларының басшылары арасында ынтымақтастық келісім туралы меморандумға қол қойылды. Екі тарап өз мүмкіндіктерін бірлесе жүзеге асыруды талқылады, сонымен қатар жаңа жобаларды іске асыру аясында аймақаралық әріптестікті дамыту сөз болды.
Қазақстан мен Бірлескен Араб Әмірліктері мемлекеттерінің басшылары арасындағы келісім бойынша «Әбу-Даби Плаза» жобасы жүзеге асырылуда. Онда арабтар тарапынан тікелей инвестиция арқылы 1,7 млрд теңге АҚШ доллары тартылған.
Қос жақ турзим саласына, жылжымайтын мүлік, денсаулық, білім, спорт, қала қауіпсіздігі, ақылды технология және өзге де салаларға инвестиция құю жоспарларын талқылады
« Екі астана арасындағы ынтымақтастық келісім туралы меморандум серіктестер ретінде екі арадағы диалогты дамытады, бұл екі ортадағы қарым-қатынастың, алыс-берістің әлеуетін арттырады, – деді елорда әкімі.
Кездесу қортындысы бойынша екі тарап бірге атқаратын нақты жұмыстардың жоспарын бекітті.
БАЭ делегациясының Қазақстанға ресми сапарының бағдарламасында қазақстандық-эмираттық бизнес форум мен Астана қаласы әкімі Әсет Исекешев пен Әбу-Даби қаласының мэрі Ауаид Муршед Аль-Марардың кездесуі қарастырылған, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Мемлекет басшысы Ынтымақ ауылындағы мектепті аралап көрді
Президент • Бүгін, 18:21
Биыл Жетісу облысында 250 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілген
Президент • Бүгін, 17:48
Президент «Талдықорған» индустриялық аймағына барды
Президент • Бүгін, 17:36
Елімізде жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы құрылады
Қоғам • Бүгін, 17:16
ТЖМ автопаркі заманауи көліктермен толықты
Қоғам • Бүгін, 17:15
Мемлекетке тіркелген алтын қоры 522 тоннаға ұлғайды
Қоғам • Бүгін, 17:02