Қазақстан • 25 Мамыр, 2017

Жұмыс сапарымен Германияда болды

120 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Талғат Донақовтың басшылық етуімен қазақстандық делегация жұмыс сапарымен Германияда болды, деп хабарлады еліміз Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Жұмыс сапарымен Германияда болды

Сапардың негізгі мақсаты  – шетелдік құқық қорғау мен сот органдарының жұмысы аясын­да тәжірибе алмасу мен бөлі­су, үйрену мақсатында ұйым­дас­тырылған.
Делегация құрамында Конс­ти­туциялық кеңестің төрағасы Игорь Рогов, ішкі істер ми­нистрі Қалмұханбет Қасымов, Мем­лекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қар­сы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров, Бас Про­ку­рордың орынбасары Ер­лік Кенен­баев, сондай-ақ, Жоғарғы сот, ҰҚК, Ұлттық бюро мен МКД-нің өкілдері болды.
Қазақстандық делегация басшысы Талғат Донақов не­міс әріптестерінің ыстық ықы­лас­тарына алғысын білдірді. Өзінің алғы сөзінде ол: «Гер­ма­ния прокуратурасының жұ­мыс істеуінің ерекшелігі, әсіресе, қыл­мыстық процесс қызық­ты­рады. Біз Қазақстанның құқық қор­ғау жүйесін жетілдірудің бары­сын жасау үстіндеміз», деп атап өтті.
Жұмыс сапары шеңберінде делегация Майндағы Франкфурт қаласының прокуратурасы ғи­ма­ратында болды. Онда неміс әріп­тестеріміз өздерінің қылмыс­тық істер бойынша сотқа дейінгі өндірістің ерекшелігі мен ведомство жұмысының ұйым­дас­­­ты­рылу тәртібімен бөлісті. Соны­­мен қатар, Учаскелік сот пен Қа­лалық полиция басқар­ма­ла­ры­ның жұмысымен танысты.
Висбаден қаласында Гессен жерінің Әділет министрлігінің өкіл­дерімен кездесу өтті.
Өз кезегінде полицейлер бандитизмге, адам өмірі мен басқа да меншікке қатысты қылмыстарды тергеу тәжірибелерімен бөлісіп, пікір алмасты.