Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Орыс православие шіркеуінің көшбасшысы «мемлекеттік және қоғамдық қызметке, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан үлесі, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сіңірген еңбегі үшін» жоғары наградаға ие болды.
И.Тасмағамбетов Қазақстан Республикасы мен ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан награда тапсыру үлкен мәртебе екенін айтты. «Бұл – сіздің бейбітшілік пен келісімді, екі елдің халықтары арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайтудағы тынымсыз әрі өлшеусіз еңбегіңізге деген айрықша құрмет, – деп атап өтті қазақстандық дипломат. – Қазақстанда исламмен қатар, православие діні де қоғамдық өмірде ерекше орны бар жетекші конфессиялардың бірі. Біздің елімізде Орыс православие шіркеуі өте маңызды қызмет атқарады».
Өз кезегінде Патриарх Кирилл көрсетілген жоғары марапат үшін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысын жеткізіп, барша Қазақстан халқына бейбіт өмір мен өсіп-өркендеу тіледі.
«Достық» ордені – Қазақстан Республикасының жоғары наградаларының бірі. Бұл орденмен қоғамдағы ұлтаралық және азаматтық татулықты сақтауда жемісті жұмыс атқарған, халықтар арасындағы бейбітшілікті, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға еңбек сіңірген азаматтар марапатталады. Орден иегерлерінің арасында БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун, ҰҚШҰ Бас хатшысы Николай Бордюжа, Мәскеу және Бүкіл Ресей Патриархы Алексий II, АҚШ Президенті (1989-1993) Джордж Буш (үлкені), АҚШ-тың 67-ші Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон, Ұлыбританияның Премьер-министрі (1979-1990) Маргарет Тэтчер, кардинал-епископ, Кардиналдар алқасының деканы (2001) Анджело Содано, Сауд Арабиясының королі – Абдулла ибн Әбдел Әзиз ас-Сауд, Хорватия Президенті (2000- 2010) Степан Месич, Румыния Президенті Ион Илиеску, Татарстан Республикасының тұңғыш Президенті Минтимер Шаймиев, т.б. бар.
Құтқарушы Христос храмында Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі Иманғали Тасмағамбетов Мәскеу және Бүкіл Ресей Патриархы Кириллге I дәрежелі «Достық» орденін тапсырды, деп хабарлады Қазақстанның Ресейдегі елшілігі.
Қазақстанның екі өңірінде жол жабылды
Ауа райы • Бүгін, 16:25
Астана даңғылдарының бірі 2 аптаға жартылай жабылды
Елорда • Бүгін, 15:47
Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен 19 жастағы қыздың мәйіті табылды
Қоғам • Бүгін, 15:17
Ақтау маңында ірі жол апаты болып, 7 адам ауруханаға жеткізілді
Аймақтар • Бүгін, 14:42
Алаш қозғалысы: 12 том құжаттар мен материалдар жинағы толық жарық көрді
Руханият • Бүгін, 14:03
Шайды қай кезде ішкенде зияны болмайды
Денсаулық • Бүгін, 13:32