Білім • 25 Мамыр, 2017

«Біз келешектің көшбасшыларын даярлаймыз»

283 рет
көрсетілді
14 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының бастамасымен ұлттық білім беру жүйесі мен әлемдік ғылыми білім берудің озық тәжірибесін бай­ланыстыра отырып, қазақстандық жоғары білімнің ұлт­тық брендін қалыптастыру мақсатында құрылған На­зар­баев университеті бүгінде Еуразия кеңістігінің дәл орта­сында орналасқан халықаралық жоғары оқу орнына ай­налд­ы. Халықаралық академиялық стандарттарға сәйкес жұ­мыс істейтін және дербестік пен академиялық еркіндік қа­ғидаттарын басшылыққа алған университет биыл үшінші тол­қын түлектерін шығарып салмақ. Осы қуанышты күн қар­саңында «Назарбаев университеті» дербес білім беру ұй­ымы­ның президенті Шигео КАТСУ мырзамен әңгімелескен едік.

«Біз келешектің  көшбасшыларын даярлаймыз»

– Катсу мырза, еліміздегі бір­ден-бір дербес білім беру ұй­ымы мәр­тебесіне ие уни­вер­ситеттің үшін­ші мәрте түлектерін шы­ғарып салу қуанышымен құт­тықтаймыз! Алғашқы тү­лек­тер­мен салыстырғанда биылғы тү­лектердің ерекшелігі мен же­тіс­тіктері қандай? Бұл жылы қан­ша маман иесі өмірге қанат қа­ғады?
– Әлбетте, құттықтау­ла­ры­ңыз­ға ризашылығымды біл­ді­ре­мін. Біз биыл үшінші мәрте түлектерді ұшы­рып жатырмыз. Олардың алдыңғы екі жылғы бітірушілерден басты айырмашылығы – біз бұл уақытта белгілі дәрежеде оқу бағ­дарламалары мен іс-қимыл жос­парын түздік. Жыл сайын жаңа оқу жылымен бірге жа­ңар­тылған оқу үдерісі бастала­ды, тә­жірибе де жинақтала береді. Сон­дықтан, бұрынғыларға қа­ра­ған­да биылғы түлектерге жеңіл. Өйт­кені, олардың алдында тәлім-тәр­бие моделі болды. Бұл модель бұған дейінгі бітірушілер ар­қылы қалыптасты. Сонымен бірге, бұрынғы бітірушілер жаңа түлектермен өз тәжірибелерін бөліседі. Биыл Назарбаев уни­вер­ситетінде 737 бітіруші жас, оның ішінде 9 PhD докторы дәрежесінің иегері бар. Бұл біз­дің оқу орны үшін қаншалықты ма­ңызды асу екенін өздеріңіз де бағамдап отырған боларсыздар. Себебі, докторлар даярлай бас­тау – дамудың келесі кезе­ңі­не жасалған қадам. Аталған үр­діс Назарбаев университетінің то­лы­ғымен ғылыми-зерттеу ке­шені қалыптасқан жоғары бі­лім орт­а­л­ығына айналғанын дә­лел­дей­ді.
– Еліміздегі бірегей уни­вер­си­теттің түлектерінен не күтуге бо­лады, олар елімізде жоғары тех­нологияны, ғылым мен биз­нес­ті дамытуға қандай үлес қо­са­ды деген ойдасыз?
– Әрине, түлектердің әлеу­е­-
ті жоғары. Олар, ең алдымен, Қазақ­станның әлеуметтік-эко­но­ми­калық дамуына университетте оқып-үйренген жүйе аясында үлес қосады. Бітірушілеріміздің не­гізгі мінездемесін оқу үдерісі ба­ры­сында біздің сұрақты қа­лай қоюға үйреткенімізден кө­ру­ге болады. Яғни, өз-өзіне сұ­рақ­ты дұрыс қою нәтижесінде олар алдында тұрған мәселенің ше­ші­мін таба білуді үйренеді. Сон­дай-ақ, түлектеріміздің сана­сына о бастан іргетас іспетті өмір­лік құндылықтарды құямыз. Не­лік­тен? Бизнеспен шұғылдана ма, ғылыми зерттеуді жалғастыра ма, бізге маңыздысы бұл емес, ма­ңыздысы – кез келген табысты маман, ең алдымен, өз-өзіне сұрақ қоя білетін, тығырықтан жол тауып шыға алатын адам. Білесіз бе, біз кейде әлеуетті жалдаушылармен (жұмыс берушілермен – ред.) кездесіп, студенттеріміздің өндірістік практикадан өту немесе интерн-маман ретінде жұмыс істеу мүмкіндігін талқылау кезінде, басым көпшілігі бізге студенттеріміздің белгілі бір пәннен терең білімі байқалмаса да кез келген мәселе бойынша өз-өзіне сұрақ қоя білетін қа­бі­летін көре алатынын айтады. Осы арқылы олар өзінің алдына қойылған мәселені сәтімен шеше алады. Бүгінгі жаһандану дәу­ірінде адамдар түрлі күрделі жағдайларға, оқиғаларға тап болып жатады. Осындай сыни сәт­терде студенттеріміз өзгеруге, бей­імделуге бейіл болуы тиіс. Қа­ра­пайым тілмен айтқанда, біздің тү­лектер шашы ағарғанша оқиды. Яғни, технологиямен, ғылыммен, қай іспен шұғылданса да, 5-10 жылдан кейін университетте оқыған білімі олар үшін өзекті болмай қалуы мүмкін. Сон­дықтан, тез бейімделе білудің маңызы үлкен. 
– Назарбаев университеті алғашқы PhD докторларын даярлап шығарғанын айттыңыз. Бұл түлектердің санаты туралы не айтасыз?
– Докторларымыздың барлығы – жо­ғары білім мектебінің тү­лек­тері. Алғашқы докторанттар легі туралы айта отырып, уни­верситет алдында маңызды мін­деттер тұрғанын, соның бірі қа­зақстандық жоғары білім рефор­масына жәрдемдесу екенін айт­қым келеді. Бұл ретте біздің уни­верситетіміз көшбасшылық рөл­ге ие. Біз бұған қуанамыз. Би­ылғы докторанттар жоғары бі­лім мектебінің алғашқы т­ү­лектері. Олар Қазақстанның бі­лім жүйесі үшін өте өзекті болып отырған салаларды алға сүй­рейтін ғылыми ағар­тушылар мен зерттеушілер. Мә­селен, докторант­тарымыз ғы­лы­ми-зерттеу жұмыстарының тақырыптарына түрлі мәселелерді, атап айтқанда, университет тә­мам­даған жасқа кәсіби машық ре­­тінде қажеттілігі үлкен, яғни сту­­денттерді оқыту барысында үш тілді бір уақытта үйренуді, оқы­­­­тудың алғашқы жылын тиімді ұй­ым­дастыруды және студенттің ал­­ған мамандығынан еңбек на­ры­ғына өтудің өзіндік пайдалы жақ­тарын зерттеуді нысана етіп ал­ды. Мұның бәрі түлектің еңбек нарығындағы орнын айқындай түседі.
– Назарбаев университеті құры­лымында әлемдік дең­гей­де­гі жоғары оқу орындарымен әріп­­тестікте жұмыс істейтін 8 ғы­­лыми мектеп бар екен. Бұ­лар­­­дың қайсысы студенттер ара­сында танымал?
– Танымалдылығы тұрғысынан көп­шілігі Ғылым мен технология мектебін таңдайды. Студенттер компьютерлік ғылымды меңгеруге құштар, химия мен биологияның да өзіндік орны бар. Сондай-ақ, Медицина, Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар, Жоғары би­знес мектептерін таңдайды. Не­гізгі пән ретінде экономиканы таң­даған студенттеріміздің табыс­ты кәсіпкер болатынына сенеміз. Ин­женерия мектебінде электрика, механика, химия бағытында да оқиды. Ал магистратураға кел­сек, Инженерия мектебі мен Жоғары бизнес мектебінің бір­лескен бағдарламасы бар. Бұл «Инженерлік менеджмент ма­гистрі» деп аталады. Аталған бағ­дарлама жұмыс істеп жүрген ма­мандардың да қызығушылығын ту­ғызып отыр. Жоғары бизнес мек­тебінде магистрлік бағдарлама жә­не жетекшілерге арналған м­а­гис­­трлік бағдарлама бойынша оқу­­ға болады. Сонымен бірге, мем­­­лекеттік басқару, мем­ле­кет­­тік сая­сатты қа­лыптастыру бой­­ын­ша мектеп бар. Оны тә­мамдаған түлектеріміз де қо­ғам­ға өз үлестерін қоса алады. Мәселен, Сыртқы істер министр­лі­гінде немесе Үкіметте өзін көр­сеткісі келген жастар осы мек­теп арқылы білім-білігін шың­дайды. Докторанттар арасын­да танымалдығы жағынан же­тек­шілерге арналған арнайы бағ­дарламалар басымдыққа ие, сон­дай-ақ, инклюзивті бағ­да­р­­ламалар аясында мүмкіндігі шек­­теу­лі студенттерге білім бе­ру жолда­рын қарастырамыз. Медицина мек­­тебінде тек дәрігерлер ғана емес, ден­саулық сақтау саласында қызмет ету­ші­лер де оқиды. Биыл күзде «мол­е­кулярлы медицина» атты жа­ңа бағ­дарлама енгізуді жоспарлап оты­рмыз. Сегізінші мектеп тау-кен ісі мен геоғылымға арналған. Бұл мектеп негізінен мұнай-газ са­ласына бағытталған.
– Жалпы, Назарбаев универ­си­теті келешекте қандай жаңа ба­ғыттарды дамытпақ, жаңа мек­теп ашу ойларыңызда бар ма?
– Биыл Назарбаев уни­вер­си­тетінің ашылғанына – 7 жыл. Біз 2010 жылы негізгі бағ­дар­ла­ма­ларды дайындаумен, 2011 жы­лы магистранттар мәселесімен шұ­ғылданып, Инженерия, Ғы­лым және технологиялар, Гу­ма­нитарлық және әлеуметтік ғы­лымдар мектептерін аштық. 2013 жылы жоғары бизнес, білім бе­ру және мемлекеттік басқару бой­ынша докторантуралық бағ­дарламаларға ден қойдық. 2015 жылы Медицина, Кен ісі және геоғылым мектептері ашылды. Сұраныс тумаса, әзір жаңа бастамалар жоспарлап отырғанымыз жоқ. Біз қысқа уақыт аралығында, 7 жыл ішінде айтарлықтай алға жылжыдық. Енді аздап тыныс алып, қолымызда барымызды шо­ғырландыруымыз, дамытуымыз қажет. Жалпы, Назарбаев уни­верситеті өзінің бай оқыту дәс­түрімен белгілі. Біз бакалавр­ды бітіруші түлектердің бағытын, ака­демиялық мансабын қадағалап оты­рамыз. Олардың басым бөлігі АҚШ, Ұлыбритания және Еуропа мен Азия елдерінің жетекші оқу орын­дарына магистратураға тү­сіп, бірқатары докторант атанды. Оқуларын тәмамдаған кезде өзіміздің университетке жұ­мыс­қа қуана қабылдаймыз. Яғ­­ни, түлектеріміз Назарбаев уни­­вер­ситетінің оқытушы-про­фес­сор­лар құрамын толықтырып, ака­­­демиялық мансабын төл уни­ве­р-
­­ситетінде жалғастырады де­­­ген сенімдеміз. Сондай-ақ, ең­­­бек нарығында жол тапқан тү­­­лек­теріміздің жетекші кон­са­л­тин­гтік, мұнай-газ, қаржы ком­па­нияларында жұмыс іс­тей­тініне кә­­міл сенеміз. Бүгінде тү­лек­те­рі­міз­­дің алды азаматтық авиа­ция­лық компанияларда қызмет ете бастады. 
Болашақта ғылыми-зерттеу жұ­­мыстарын жетілдіруге күш са­ламыз. Университетте жүр­гі­зіл­ген ғылыми-зерттеулер нә­т­и-
­же­сінде ары қарай дамуға мүм­кіндік бе­ретін жаңа техноло­гиялар мен инновация жасау жоспарланған. Қазір негізгі басымдық ғылыми жұмыстар мен зерттеулерді бі­рі­к­тіруге бе­ріліп отыр. Ғылыми-зерт­теу ісін­де халықаралық маман­дар­­дың күш-жігері маңызды. Біл­ім ор­та­лық­тары мен ғылыми-зерт­теу нысандарының сұранысына қарай үнемі үздік мамандарды іздестіру қажет. Қазақстан осы тұ­р­ғыда әлемнің өзге елдерімен бә­секелесіп келеді. Сондықтан, дарын­дарымыз бен таланттарымызды өз елімізде ұстап қалумен бірге халықаралық мамандарды да тарта білуіміз керек. Өйткені, ғы­лым мен инновацияға сүйенген озық дүниелер өзара байланыста да­миды. АҚШ-тағы Силикон алабы сияқты Ұлыбритания, Франция, Жапония, Қытай, Сингапурдағы ғылыми орталықтарды алыңыз, барлығында түрлі мемлекеттердің азаматтарынан құралған халық­ара­лық команда жұмыс істейді. Осы орайда, Қазақстанның да бұл үдерістен тыс қалмай, жа­һан­­да­нуға ғылыми-зерттеулер мен инно­вациялық көзқарас тұр­ғы­сы­нан белсене қатысуы қажет. 
Инженерия мектебінде жүзеге асы­рылып жатқан жұмыстар туралы айтар болсақ, мамандар біраз жылдар бойы энергиялық тиімділігі мол батарея жасаумен шұғылданып келеді. Қарап отырсаңыз, энергия саласындағы негізгі мақсат та энергия қуатын мейлінше шығындамай, сақтай отырып пайдалану. Батарея – энергия қуатын сақтау тәсілдерінің бірі. Қазір Назарбаев университеті қызметкерлері осы батареяның көлемі жағынан кіші, салмағы аз болуын және мол көлемде энергия қуатын сақтауын, сондай-ақ, қоршаған ортаға залал келтір­ме­уін ғылыми жұмыстармен дәй­ектеуде. Баршамыз «Тесла» сия­қ-
ты электромобильдерді білеміз. Бұл көліктер батареясыз алысқа ұзай алмайды. Сондықтан, батарея қуаттайтын стансалар инфра­құ­рылымы және онда қажетті қуат­ты жинауға көп уақыт жұм­сал­мауы ескерілуі қажет. Осы орай­да, аталған сұранысқа сай келетін аккумулятор мен батарея жа­сау­дың маңызы өте жоғары. Бұл біздің университетке ғана емес, бүкіл әлем үшін өзекті мәселе. Яғни, басқа елдермен үнемі бәсекелестікте боламыз. Сондай-ақ, оптикалық сенсор ту­ралы айталық. Біз жоғары тех­нологиялар дәуірінде өмір сү­ріп отырғандықтан, сенсордың маңызы күннен-күнге артып келеді. Робот техникасы бойынша да үлкен жұмыстар жүргізіліп жатыр. Адам өміріне, денсаулығына қауіпті жұмыстарды атқаруда роботтарды пайдалану сияқты алгоритмдер көп. Сонымен бірге, медицинада оңалту жүйесінде роботтардың күш-қуатын пайдалану көзделуде. Яғни, адамның күш-қуатын арттыруға арналған экзоқаңқа құрылғыларын дамыту бойынша пациентті оңалтуға көмектесетін жобалар бар. Бұл туралы көптеп айта беруге болады.
– Назарбаев университетінің әлемдік үздік жоғары оқу орын­да­рының желісіне енуге жұм­саған күш-жігері қан­ша­лық­ты нәтиже берді?
– Кез келген университетті құру мен қалыптастыруға көп уақыт керек. Бұған келісетін шы­ғар­сыз? Біз жеті жылдан кейін уни­верситетіміздің осы үдеге лай­ық болатынын білдік. Менің ойы­мша, біз жүріп өтуге тиіс жолдың төрттен бір бөлігін ғана өттік. Қазір инновацияларды да­мы­туға ұмтылудамыз, жалпы, жо­ғары технология ғана емес, қо­ғамның дамуына да белсене атсалысатын боламыз. Бір қара­ғанда, Президент Н.Назарбаев бағ­дарлаған 2030 жыл алыс сияқ­ты, 2050 жыл одан да ұзақ іспетті болғанын білесіздер. Ал бүгінде 2030 жылға дейін 13-14 жыл ғана қалыпты. Біз қазір 2030 жыл­дың көшбасшылары мен кәсіби ма­мандары қандай болуы керек деп ойлауымыз керек. Бұл биз­нес, инновация, технология сын­ды барлық салаға қатысты. Бұ­рын­ғыдай емес, әлемді болжап білу мүм­кін емес, күрделі жайтқа айналды. Сол себепті, біз үздіксіз бі­лім беруге ден қойып отырмыз. Яғни, бакалавр, магистр мен докторанттарымыз оқуын тә­мам­даса да ғылым әлеміне саяха­тын ары қарай жалғастыра бе­реді. Біз тү­лектеріміздің төл уни­вер­си­те­ті­не оралуына мүдде­ліміз.

Әңгімелескен 
Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан»