Білім • 25 Мамыр, 2017

«2020 жыл әл-Фараби жылы болуы керек»

532 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

– дейді ҚазҰУ-мен ынтымақтастық меморандумына қол қойған БҰҰ Өркениеттер альянсінің жоғары өкілі

«2020 жыл әл-Фараби жылы болуы керек»

БҰҰ Өркениеттер альянсінің (UNAOC) жоғары өкілі Насир Абдулазиз әл-Насер ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтановпен ынтымақтастық және бірлесіп жұмыс істеу жөнінде келісімге қол қоя отырып, 2020 жыл әл-Фараби жылы болуы керек деген ұсыныс айтты.   

Қазақстандық жоғары оқу орнына ресми сапармен алғаш рет келіп отырған БҰҰ жоғары мәртебелі өкілі қатысқан іс-ша­ра­ға ҚазҰУ басшылығы, оқы­ту­­шылар мен студенттер, дип­ло­­м­а­тиялық миссия, қо­ғам жә­не бұ­қа­ралық ақпарат құрал­да­ры­ның өкілдері қатысты.  
ҚазҰУ ректоры, академик Ға­лым Мұтанов қадірлі мейманд­ы уни­­верситет қызметімен жә­не же­­тістіктерімен, БҰҰ-ның тұ­рақ­­ты даму жөніндегі «Ака­де­миялық ықпал» бағ­дар­ла­ма­сы­­ның жаһандық хабы  жайлы жұ­мыстарымен кеңінен таныс­тырды.
Кездесуде Насир Абдулазиз әл-Насер БҰҰ Өркениеттер альянсінің жұмысы, қызметінің не­гізгі бағыттары мен акаде­мия­­лық бірлестіктің альянс бағ­дар­­ламаларына қатысуы тура­лы айтты. «Үздік жоғары оқу орын­дарының бірі болып табы­латын мұндай беделді уни­вер­ситеттің оқы­тушылары мен студенттерінің ал­дында сөз сөйлеу мен үшін үл­кен мәр­те­бе. UNAOC сіздердің уни­вер­си­те­ттеріңіз тәрізді оқу орын­­да­ры­ның мәдениеттер ди­а­логын­да өмірлік маңызды рөл ат­қа­ра­ты­нын мойындайды», – деді БҰҰ Өр­кениеттер алья­н­сі­нің басшысы.  
Ол өз сөзінде,  сондай-ақ, білім бе­рудің альянс жұмысындағы бас­­ты басымдықтың бірі екен­ді­гін атап өтті. «Жастарға үлкен кө­ңіл бөлінуде, жаһандық түрлі жо­баларға көптеген универси­те­т­тер қосылуда және олар ұй­ым­ның мәдениетаралық диалог, бейбітшілік пен өркениетті сақ­тау жөніндегі бастамаларына қол­дау көрсетуде», – деді ол.
Насир Абдулазиз әл-Насер ға­ламдық күн тәртібіндегі сұ­рақ­тарға  толыққанды жауап бер­ді. Ол Қазақстанның әлемдік қо­ғам­дас­тықтың қолдауына ие болған яд­ролық қаруды таратпау және ай­мақтық қауіпсіздікті сақтау  жө­ніндегі бейбіт бастамаларын, Си­риядағы жағдайды реттеуге қос­қан мемлекеттің үлесін ай­рық­ша атап өтті. 
«Радикалды экстремистер өз­дерін жақтаушыларды жастар ара­сынан іздейді, оған себеп – сау­атсыздық, кедейлік және жұ­мыс­сыздық. Мектепте және уни­вер­ситеттерде жастарды мә­де­ни­ет­тілікке үйрету маңызды, біз бір-бірімізді құрметтей білуіміз ке­рек. Білім, ғылым және жаңа тех­нологиялар әлемнің тұрақты да­муының негізі болуы тиіс. Бұл ұжымдық күшті талап етеді. Қазақстан бейбітшілік пен тұрақ­ты­­лықты сақтауға көп күш салуда, біз оны бағалаймыз», – деді БҰҰ Өркениеттер альянсінің же­тек­шісі. 
Бұл кездесудегі қозғалған бас­ты тақырыптың бірі – ЮНЕСКО қол­дауымен 2020 жылды «Әл-Фа­раби жылы» деп жариялау бас­та­масы болды. Ұлы философтың 1150 жылдық мерейтойына орай халықаралық деңгейде іс-ша­ра­лар өткізу туралы ҚазҰУ идея­сы­на қолдау білдірген БҰҰ Өр­ке­ниеттер альянсінің жоғары өкі­лі: «БҰҰ-ның тұрақты даму бой­ынша «Академиялық ықпал» жа­һандық хабын  басқаратын әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық уни­верситеті – әлемге танымал ғы­лым мен білім орталығы. Бұл ұлы ойшыл және үздік философ ибн Әбу Насыр әл-Фарабидің құ­р­-
метіне аталған жалғыз оқу ор­­ны. Оның мұрасы  күні бүгінге дей­ін ақыл мен жүректі байытып, бі­лімнің қайта жаңарған күшінің жар­қын үлгісі болып табылады», – деді. 
Ғылыми кеңестің шешімімен білім мен ғылымның дамуына қосқан айрықша үлесі үшін На­сир Абдулазиз әл-Насерге уни­вер­ситеттің құрметті докторы атағы берілді. Оны растайтын құжат пен мантияны ЖОО рек­торы Ғалым Мұтанов БҰҰ Өр­ке­ниеттер альянсі жетекшісіне сал­танатты түрде табыстады.

Мира БАЙБЕК, 

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ