Әдебиет • 25 Мамыр, 2017

«Өмірге өлең керек»

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Белгілі ақын, драматург, Қазақстанның еңбек сі­ңір­ген қайраткері Серік Тұр­ғын­бекұлының Атырауда өт­кен шығармашылық ке­ші осылай аталды.

«Өмірге өлең керек»

Жыр ме­рекесіне өнер жұлдыздары Алтынбек Қоразбаев, Мақ­пал Жүні­сова, Қанат, Айт­күл Құдайбергеновтер қаты­­сып, ақын сөзіне жа­зыл­ған әндерді орындады. Мем­ле­кет­тік сыйлықтың лауреаты Сәбит Досанов, ха­лық­­ара­лық «Алаш» сый­лы­ғының лауреаттары Ақ­ұштап Бақ­­ты­­гереева, Қасымхан Бег­манов, об­лыс әкімі Нұр­лан Ноғаев 70 жастың биігіне шыққан мерей­той иесіне лебіздерін арнап, сый-құрмет көрсетті.
Осы күні сондай-ақ, Серік Тұрғынбекұлының «Мұ­қа­ғали» драмасы Атырау об­лыстық Махамбет атын­да­ғы қазақ драма театрында қойылды. «Осы қо­йылым қай сахнада болсын әрқайсысы бір-бі­ріне ұқ­самайтын ай­рық­ша сипатқа ие болады», деп атап өтті Серік Тұр­­­­­ғын­бек­ұлы. Мұқағали ақын­ның шы­ғармашылығы мен өмір жолынан сыр шер­тетін драманың режиссері – Жанат Телтаев, суретшісі – Темірбек Мұхтаров. 
Жайық жағасындағы жұрттың өнер мен өлеңге деген құрметін айрықша бағалаған жазушы Сәбит Досанов: «Ақындары әкім­дерін іздесе, ондай елдің маңдай соры бес елі, әкімдері ақындарын іздесе, бақыт нұрын кешеді. Атыраудың қазақтың ұлан-байтақ өлке­сінде алатын орны ерекше»,  деп ризашылығын білдірді. 

Бақытгүл БАБАШ,

«Егемен Қазақстан»

АТЫРАУ