Ардагер ішкі істер органдарында 36 жылдан астам уақыт бойы қызмет етіп, аудандық ішкі істер бөлімін басқарған. «Милиция полковнигі» жоғары шеніне қол жеткізген.
Қазақстан полициясының 25 жылдығы аясында Ұлы Отан соғысының және ішкі істер органдарының ардагеріне туған жері Уәлиханов ауданында үлкен құрмет көрсетілді. Түрлі танымдық іс-шаралар ұйымдастырылды. Жұртшылық тұяғымен жер тарпыған сәйгүліктердің жарысын, қыз қуу, теңге алу, аударыспақ секілді ұлттық ойындарды қызыға тамашалады. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар, дипломдар және ЭКСПО-2017 көрмесіне билеттер табыс етілді.
Полиция ардагерлері мен қызметкерлерінің қатысуымен аудандық ішкі істер бөлімінің ғимаратына мемориалдық тақта қойылды. Аудан әкімі Медет Оспанов бұл іс-шараның жас ұрпақты тәрбилеудегі маңызын атап өтті.
«Уәлихановтықтар аға ұрпақ өкілінің есімін мақтан тұтып, үнемі айтып жүреді. Мұндай азаматтар адамгершіліктің, қызметке адалдықтың жарқын үлгісі», – деді аудан басшысы.
Ұлттық ұлан ардагерлері қазақстандық кеңесінің төрағасы, милиция генерал-майоры Өмірзақ Болсамбеков, Ақмола облысы ішкі істер басқармасының бұрынғы бастығы, ІІО ардагері Владимир Рыбинский танымдық естеліктер айтты.
Марқұмның балалары да әке жолын жлғыстырып келеді. Ұлы Болат – полиция полковнигі. Ол «Об отце и его времени» атты кітап жазыпты.
Қойшыбек ағамыз Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерінің иегері. Басқа да марапаттары жетерлік.
Айтулы мерекеге Ақжар, Тайынша, Айыртау аудандарының ардагерлері де шақырылып, сый-сияпат көрсетілді.
Қойшыбек Қаженовтың есімін полиция қызметкерлері өте жақсы біледі. Ол жігіттік шағында сұрапыл соғысқа қатысып, кейін аман-есен елге оралған соң, қартайған шағына дейін халыққа қызмет еткен. Түрлі басшылық қызметтер атқарып, өңірдегі қоғамдық тәртіптің қамтамасыз етілуіне, ішкі істер органдарының қалыптасуына айтарлықтай үлес қосқан.
Деректер журналистикасы бойынша оқу курсының таныстырылымы өтті
Аймақтар • Бүгін, 21:00
Мемлекет басшысы Талдықорғандағы Үстел теннисі орталығын аралап көрді
Президент • Бүгін, 19:45
«Egemen» де, домбыра да сыйлады
Руханият • Бүгін, 19:30
Қасым-Жомарт Тоқаев «Жетісу» волейбол клубының жай-күйімен танысты
Президент • Бүгін, 19:00
Мемлекет басшысы Ынтымақ ауылындағы мектепті аралап көрді
Президент • Бүгін, 18:21
Биыл Жетісу облысында 250 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілген
Президент • Бүгін, 17:48