Азия біріншілігіне Қазақстан ұлттық құрамасының дзюдошылары да қатысады. Сары құрлық чемпионатына қатысатын 20 балуанның тізімі төмендегідей.
Ерлер: Ғұсман Қырғызбаев (60 кг) Азамат Мұқанов, Елдос Жұмаханов (66 кг) Жансай Смағұлов (73 кг) Азиз Қалқаманұлы, Дидар Хамза (81 кг) Ислам Бозбаев, Сұңғат Закарияев (90 кг) Максим Раков (-100 кг) Ержан Шынкеев, Еламан Ерғалиев (+100 кг).
Әйелдер: Отгонцэцэг Галбадрах (48 кг) Севара Нышанбаева, Анна Казюлина (57 кг) Мариан Ордабаева (63 кг) Ділбар Өмірәлиева, Зере Бектасқызы (70 кг) Альбина Амангелдиева, Зарина Райфова (-78 кг) Гүлжан Исанова (+78 кг).
Айта кетейік, 2016 жылы Өзбекстан астанасы Ташкентте өткен Азия чемпионатында Қазақстан Ұлттық құрамасы үш алтын, екі күміс және төрт қола медаль алған болатын. Командалық бәсекеде ерлер мен қыздар құрамасы үшінші орын иеленсе, жалпы медаль жиынтығы бойынша да Жапония мен Моңғолиядан кейін үшінші орынды місе тұтқан еді