«Қолданыстағы заңдағы қайшылықтарға байланысты біз олардың жұмысын бақылай алмаймыз. Жеделсаты компанияларына ықпал етуге құзырлы емеспіз. Осыған орай Бас прокуратура мен Ұлттық экономика министрлігіне біздің ведомствоға бақылау қызметін беруін сұрап өтініш жолдадық. Бүгінде осы мәселені шешу үшін жан-жақты жүмыс жүргізіліп жатыр», – деді Астана қаласы Тұрғын үй инспекциясының басшысы Әлихан Қуатбеков.
Оның мәліметінше, таяуда Астана әкімдігінде жиын өткізіліп, онда тұрғын үй-техникалық инспекциясын құру мәселесі көтерілген.
«Біздің басқармамыздың қызметкерлері мемлекеттік инспектор мәртебесіне ие болуы керек. Бұл жеделсаты мекемелерінің жұмысын бақылауға мүмкіндік береді. Егер бұл құзырға ие болсақ техникалық ақау туындаған жағдайда оны жойғанға дейін жеделсаты жұмысын тоқтата аламыз», – деді Ә.Қуатбеков.
Сонымен бірге ол Астанада барлық жеделсаты қондырғыларына мониторинг жүргізілетінін жеткізді.
«Жеделсатылардың техникалық жағдайы мен ПИК-дің процедуралық міндеттемелерін қалай орындап жатқанын әрі жеделсаты компанияларының жұмыс регламентін тексермек ниеттеміз. Аталған талдама елордадағы жеделсатылардың жалпы жағдайын анықтауға және компания мен ПИК-дің мәселені шешудегі жауапкерлігін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл кешенді үлкен жұмыс, жақын арада іске кірісеміз», - деді ол.
Бүгінде Астанада қалада 6 577 жеделсаты мен жеделсаты қондырғысына қызмет көрсететін 69 компания бар. Оның 4 879-ы тұрғын үйлерде, 1 728-і әкімшілік ғимараттарда орналасқан.
Қазіргі таңда заңдағы қайшылыққа байланысты Астана қаласының билігі жеделсаты компанияларының жұмысына ықпал ете алмай отыр. Осыған орай елордада жеделсаты компанияларының жұмысын бақылау бойынша инспекция құрылмақ, деп хабарлайды қала әкімдігінің сайты.
Жаңа тариф жергілікті халыққа тиімді
Табиғат • Кеше
Қарағанды облысында алты жасар бала өзенге батып кеткен
Төтенше жағдай • Кеше
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Қоғам • Кеше
Роза Рымбаева жаңа атаққа ие болды
Мәдениет • Кеше