Үкімет • 25 Мамыр, 2017

Үкіметте «Инновациялық технологиялар паркін» дамыту мәселесі қаралды

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет үйінде Премьер-Министр экономиканың шынайы секторына Индустрия 4.0 элементтерін енгізу аясында «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын одан әрі дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz

Үкіметте «Инновациялық технологиялар паркін» дамыту мәселесі қаралды

Кеңес барысында инвестициялар тарту, Астанадағы Стартап-хаб базасында IBM зертханасын ашу мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, геологиялық машина жасау кластерінің жаңа жобалары мен Кремний алқабындағы «Инновациялық технологиялар паркі» өкілдігінің жұмысы қаралды.