2013 жылы «Ақтау қаласының медициналық колледжі» мен «Альфа-Тур Актау» ЖШС арасында құрылыс жұмысын жүргізу туралы келісім-шарт жасақталады. Келісім-шарт негізінде құрылыс компаниясы емхана, медколледж, спорт кешені мен тұрғын үй салуға кіріседі. Тұрғын үй құрылысын салу кезінде екі арадағы келіспеушілік туындайды да, дауда үлескерлер зардап шегеді. Өз есебінен тұрғын үй салған серіктестік жеке тұлғалармен пәтер сату-сатып алу туралы келісім-шарттарға отырып, үлескерлер құрылыс нысандарын қаржыландырып келген. Алайда, жер пайдаланушы мен бас мердігер арасында келіспеушіліктер салдарынан колледж директоры мен серіктестік арасындағы келісімшарт бұзылып, нысан құрылысын жүргізген серіктестік әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ғимараттың құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталмай қалады. Нәтижесінде, тұрғын үйлер салынып біткенімен, пайдалануға қабылданбағандықтан және коммуникациялық желілер тартылмағандықтан, пәтер иелері белгіленген мерзімде үйлеріне кіре алмай қалады.
Құрылыс жұмысын соңына дейін жеткізе алмаған бас мердігер ортақ пайдалануға берілген жер учаскесіндегі өз үлесін анықтау туралы жер пайданалушыға қарсы сотқа талап арызбен жүгінеді. Сот процесі басталған соң үлескерлер де сотқа жүгініп, ортақ үлестегі жерлерін бөліп, анықтап беруді, өз міндеттерін атқарып, тұрғын үй мәселесін барлық жаққа тиімді етіп шешуді сұрайды.
Ұзақ мерзімге созылған сот отырысы үш тараптың медиативтік келісімге келуімен аяқталып, екі тарап өзара тиімді шешімге келсе, үшінші тарап – үлескерлер тұрғын үй кешенінің техникалық құжаттарын жасап, коммуналдық желілердің тартылуына қол жеткізді. Себебі, сот процесін жүргізген судья жас болса да кәсіби біліктілігін танытып, үш тарапқа да тиімді шешім шығарудың жолын қарастырып, дұрыс бағыт-бағдар беруінің арқасында тараптар медиатордың көмегіне жүгінген еді. Осылайша, дау соңы келісіммен аяқталды. Сот ұйғарымы заңды күшіне енгеннен соң үлескерлерден, «Ақбұлақ» тұрғын-үй кешені тұрғындары атынан Қазақстан республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы Қ.Мәмидің атына Алғыс хат келіп түсті.
«Сот шешімі қордаланған мәселенің түйінін барлық жаққа тиімді етіп шығарып, үлескерлер арасындағы әлеуметтік толқуды дер кезінде басты. Себебі, біз бар жиған-тергенімізді салып отырған жалғыз баспанамыздан айырылған жағдайда ең ақырғы әрекетке баруға дайын тұр едік. Сондықтан, мәселенің байыбы мен оның салдарын түсініп, қарапайым адамдардың заңды құқығын қорғап, судьяға тән біліктілігімен, кәсіби шеберлігімен сыйластық пен ізеттік танытқаны үшін, әділ шешім шығарғаны үшін Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Ж.Алановқа және осы істі аяғына дейін қараған Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы А.Бекболатовқа алғыс білдіреміз» делінген хатта.
«Ақ бұлақ» тұрғын үй кешені тұрғындары үш тарапты да риза еткен жан-жақты, сауатты сот шешіміне риза.
Гүлайым Шынтемірқызы,
«Егемен Қазақстан».
АҚТАУ
2009 жылы Ақтау қалалық әкімдігі балабақшаға айналдыру мақсатында медициналық колледж орналасқан ғимаратты босатып, аталмыш колледжге қаланың 35-шағын ауданынан медициналық қалашық салу үшін жер телімін бөлген болатын.
Қазақстанның екі өңірінде жол жабылды
Ауа райы • Бүгін, 16:25
Астана даңғылдарының бірі 2 аптаға жартылай жабылды
Елорда • Бүгін, 15:47
Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен 19 жастағы қыздың мәйіті табылды
Қоғам • Бүгін, 15:17
Ақтау маңында ірі жол апаты болып, 7 адам ауруханаға жеткізілді
Аймақтар • Бүгін, 14:42
Алаш қозғалысы: 12 том құжаттар мен материалдар жинағы толық жарық көрді
Руханият • Бүгін, 14:03
Шайды қай кезде ішкенде зияны болмайды
Денсаулық • Бүгін, 13:32