Құжаттардың ережелері қайтарылатын адамдарды анықтайды, олардың реттелген және қауіпсіз транзитінің тетіктерін реттейді, реадмиссия, транзит немесе әңгімелесуді жүргізу туралы сұрау салуды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар тізбесін қамтиды, адамдарды бірге жүру арқылы берудің шарттары мен тәртібін айқындайды.
Құжаттарды ратификациялау екі мемлекет арасындағы заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастықты жетілдіруге ықпал етеді.
Қазақстан мен Ресей арасындағы теміржол көлігі кәсіпорындарының, мекемелері мен ұйымдарының қызметін құқықтық реттеудің ерекшеліктері туралы үкіметаралық келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама ратификацияланды.
Хаттаманы ратификациялау Қазақстанның шекаралық облыстарының тұрғындарына Ресей Федерациясының аумағы бойынша шекаралық бақылауды жүргізбей транзитпен өтулеріне мүмкіндік береді. Екі мемлекеттің атқарушы билік органдары теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі қағиданы, шығыстардың көлемдерін айқындау және оларды субсидиялау әдістемесін белгілейтін болады.
Заңнамаға өсімдіктер мен жануарлар дүниесі мәселелері бойынша түзетулер бірінші оқылымда қаралып, мақұлданды.
Онда 14 заңнамалық актіге, оның ішінде 7 кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделіп отыр.
Енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар: Үкіметке сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген өсімдіктердің түрлерін алып қою туралы шешім қабылдау жөніндегі құзырет беруді; орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға басқа санаттағы жерді орман қоры жеріне ауыстыру қағидасын әзірлеу және бекіту жөніндегі құзыретті беруді; ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді орман пайдалану түрлерін нақтылауды; ұзақ мерзімді орман пайдалану тендерлеріне Қазақстан азаматтарына және біздің еліміздегі шетелдіктер қатыспайтын заңды тұлғаларға ғана құқық беруді; жануарлар түрлерін интродукциялау кезіндегі экологиялық талаптарды нақтылауды; жануарларды Қазақстанға әкелу және елден әкету мәселелерін реттеуді; жекелеген зиянды және аса қауіпті зиянды организмдермен күресу үшін пестицидтерді уақытша тіркеуді; балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғауды, өсімін молайтуды және орнықты пайдалануды жүзеге асыру үшін ихтиологиялық байқауды; жануарлар әлемін қорғауды, өсімін молайтуды және орнықты пайдалануды жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдардың мамандандырылған ұйымдарды құруын; ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың учаскелерінде биосфералық резерваттарды құруды; орман шаруашылығы мен табиғат қорғау мекемелерінің мамандарын құқықтық және әлеуметтік қорғауды және басқаларды көздейді.
Отырыста Қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша заңнамаға түзетулер жан-жақты талқыланып, қабылданды.
Заң жобасының мақсаты құқықтық олқылықтарды, әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды жою арқылы әскери қызмет және қорғаныс саласындағы қолданыстағы заңнаманы жетілдіру, сондай-ақ әскери қызметшілердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету болып табылады.
Атап айтқанда, түзетулер Қорғаныс министрлігінің, Қарулы Күштер Бас штабының, әскери басқару органдарының функцияларын нақтылайды және толықтырады.
Қорғаныстық тапсырысты орындау кезіндегі операторлардың, уәкілетті ұйымның және атқарушылардың функциялары айқындалған.
Материалдық-техникалық қамтамасыз ету әскерлерін және аумақтық әскерлерді қосу есебінен Қарулы Күштердің жалпы құрамы кеңейтілді.
Азаматтарды келісімшарт бойынша әскери қызметке іріктеуге арналған сипаттамалар белгіленген. Мәселен, келісімшарт бойынша әскери қызметке заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған соттылығы бар адам қабылданбайды, ал тізбесін уәкілетті органның басшысы бекітетін лауазымдарға орналасу үшін адамның психофизиологиялық немесе полиграфологиялық зерттеуден өту міндеті бекітілді.
Сенаторлар Конституциялық Кеңестің мүшесі Ұбайдолла Мырзағалиұлы Стамқұловтың өкілеттігін тоқтату туралы және Парламент Сенаты Төрағасының Конституциялық Кеңестің мүшесі қызметіне Рахмет Мұқашевты тағайындау туралы ұсынуын да қарады.
Отырыс барысында сенаторлар сауалдары жария етілді. Депутат Мұрат Бақтиярұлы «Өсімдіктер әлемін қорғау туралы» заң қабылдаудың қажеттігі жөніндегі және емдік шөптерді қорғаудың кешенді шаралары туралы; Әли Бектаев Кентау қаласының және қала маңындағы елді мекендердің экологиялық ахуалы туралы депутаттық сауал жолдады.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Парламент Сенатының отырысы өтті. Палата Қазақстан мен Қырғызстан Үкіметі арасындағы реадмиссия туралы Келісімді және оны іске асыру тәртібі туралы атқару Хаттамасын ратификациялады, деп хабарлайды Сенаттның баспасөз қызметі.
Президент Қаратал ауданының қорғаныс істері бөліміне барды
Президент • Бүгін, 14:09
Қызылордада 504 отбасы баспаналы болды
Аймақтар • Бүгін, 13:24
Президент Үштөбе қаласында орналасқан Кемел Тоқаев атындағы орта мектепке барды
Президент • Бүгін, 13:01
Мемлекет басшысы Қаратал ауданындағы әлеуметтік нысандармен танысты
Президент • Бүгін, 12:41
Биыл Алматы облысында 57 мың жұмыс орны ашылды - Марат Сұлтанғазиев
Аймақтар • Бүгін, 12:14
Мемлекет басшысы: «Жазушылар одағы – руханиятымыздың алтын діңгегі»
Президент • Бүгін, 11:56