Білім • 25 Мамыр, 2017

Елімізде 6300-ге жуық оқушы «Алтын белгіге» үміткер

199 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін еліміздің барлық мектептерінде соңғы қоңырау соғылды. Биыл Қазақстан бойынша 136 мың түлек оқуын аяқтады. Соның ішінде 6 мың 300-ге жуық оқушы «Алтын белгіге» үміткер.

Елімізде 6300-ге жуық оқушы «Алтын белгіге» үміткер

Биыл елімізде 136 мың түлек оқуын аяқтайды. Олардың 6280-і «Алтын белгіге» үміткер. Білім және ғылым министрлігінің мәліметіне сәйкес, қазақ тілінде білім алған түлектердің саны 90800 болса, орыстілді сыныптар 39300 баланы білім нәрімен сусындатқан. Өзге тілдерде оқығандар 6 мыңнан асады.

Түлектер саны ең көп аймаққа Оңтүстік Қазақстан облысы, Алматы облысы және Алматы қаласы кіреді. Ал Астанада 5 мыңға жуық оқушы мектеп бітірді.

Қазақстанда 95340 түлек Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтуге тілек білдірген. Жаңа үлгідегі білім сынағы 20 маусымда басталып, 1 шілдеге дейін жалғасады. Ал аттестаттарды тапсыру рәсімі мектеп әкімшілігінің шешімі бойынша 10-12 маусым аралығында өтуі керек. Өйткені министрлік оқуды аяқтау шараларын 15 маусымға дейін мектеп қабырғасында өткізуді ұсынған болатын.