Үкімет • 26 Мамыр, 2017

Бағдарлама жобасы талқыланды

122 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жобасы мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Бағдарлама жобасы талқыланды

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауын іске асыру аясында Үкіметке экономиканы технологиялық жаңғырту жұмыстарын жылдамдатуды, сонымен қатар, «Цифрлы Қазақстан» жеке бағдарламасын қабылдауды тапсырды. 
Мемлекеттік бағдарлама цифрлы экожүйені үдемелі дамыту арқылы халықтың өмір сүру сапасы мен Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған. 
Кеңес барысында цифрлы Жібек жолын іске асыру, жасампаз қоғамды дамыту, проактивті мемлекетке ауысу бойынша жұмыстарды жүйелеуге қатысты Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің іс-әрекеттері талқыланып, экономика салаларындағы цифрлы түрлендіру шаралары қаралды.