Саясат • 26 Мамыр, 2017

640 шетелдік Қазақстан азаматы атанады

98 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ақордада Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың төрайымдығымен Қазақстан Президенті жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

640 шетелдік Қазақстан азаматы атанады

Гүлшара Наушақызы: «Қазақстан азаматтығын алуға және одан шығуға өтініш берушілердің құжаттары құқық қорғау органдарында алдын ала сараптамадан өткізілді. Қазіргі таңда елімізде жан-жақты жаңғыру реформалары жүргізіліп жатқаны өздеріңізге белгілі. Бұл мәселе Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси-экономикалық және рухани жаңғырулар жөніндегі стра­тегиялық құжаттарында нақты көрсе­тілді», дей келе, Қазақстан азамат­тығын алатын әрбір адамның мемле­кеттік дәстүрлерді, Қазақстанның құнды­лық­тарын терең білуі, оларды құрмет тұтуы өте өзекті мәселе екенін жеткізді.
Бұдан кейін Мемлекеттік хатшы тәуелсіздік алған сәттен бастап Қазақ­станның азаматы болуға ниет білдіруші адамдар санының ұдайы өсуі бай­қалатынына, осы жылдар ішінде еліміздің халықаралық беделі айтарлықтай өскен­дігіне тоқтала келе, бұл Президент Н.Назарбаевтың басшылығының арқа­сындағы этносаралық қатынастың жоғары мә­де­ниетін және Қазақстанның әлеу­мет­тік-экономикалық, қоғамдық-сая­си дамуындағы нық қадамдарын айқын­дайтынына назар аударды.
Өз сөзінде Гүлшара Наушақызы Мем­лекеттік рәміздер күні қарсаңында елі­міздің жаңа азматтарын қарсы алуға ерекше қуанышты екенін, оларға Отаны­мыздың игілігі жолында бақытты өмір және табысты жұмыс тілейтінін айтты. Сондай-ақ, еліміздің лайықты азамат­тары бола отырып, олардың егемен Қазақ­станның одан әрі дамуы мен өр­кен­­деуіне өз үлестерін қосатындарына сенім білдірді.
Отырыста Қазақстан азаматтығына қабылдау және одан шығу мәселелері жан-жақты қарастырылды. Елбасы тиісті Жарлыққа қол қойғаннан кейін бізге жақын және алыс шетелдерден келген түрлі этностардың 640 өкілі қазақстандық атанатын болады.
Комиссия отырысының қоры­тын­дысы бойынша тиісті шешімдер мен ұсынымдар қабылданды.