Парламент • 26 Мамыр, 2017

Ауаның ластануына қарсы тиімді шаралар керек

1564 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ауаның ластануынан адамзаттың шегіп жатқан зардабы аз емес. Біздің еліміз де бұл проблемадан ада болмай отыр. Осыған орай, жуырда өткен палатаның жалпы отырысында Мәжіліс депутаты Жексенбай Дүйсебаев осы мәселені көтеріп, Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевқа депутаттық сауал жолдады. Онда былай делінеді:

Ауаның ластануына қарсы тиімді шаралар керек

«Менің депутаттық сауалыма се­беп­­ші болған «Егемен Қазақстан» ре­с­публикалық газе­тін­де жарияланған «Ай­ыппұл ауа бола ма?» атты мақала бо­лып отыр. Газеттегі мақалада ауа лас­­та­­нуының көтеріңкі деңгейі Өс­ке­мен, Пав­лодар қалаларында және еліміздің мұ­найлы өлке­ле­рінде байқалатыны ай­ты­­лады. Бұл шаһарларда негізінен өн­ді­­ріс­­тік кәсіпорындар көздерінен ат­мос­фе­ра­лық ауаға ластағыш зат­­тар нормадан тыс көп шы­ға­­­рылуда. Жыл сайын бұл ай­мақ­тарда ауа қабатына зиянды газ­дардың тонналаған бөлігі шы­ғады. 
Мысалы, Батыс Қазақстанда орна­лас­қан бір ғана «Теңіз­шев­ройл» компаниясы соң­ғы үш жылда 36 рет улы қалдық та­ра­тып, Теңіз кен орнында эко­ло­гиялық рұқ­сатсыз 33 млн тек­ше метрден астам газ­ды ауа­ға жаққан. Сонымен қатар, Ақ­тө­­беде, Теміртауда, басқа да өңір­лерде ор­наласқан ірі, алпауыт кәсіпорындар ауа­ны ластау­ды тоқтатар емес. Қазақстан Рес­­публикасы Энергетика ми­ни­стр­лі­гі Экологиялық реттеу жә­не бақылау ко­митетінің 2016 жыл­ғы ақпаратына сүй­ен­сек, ор­та есеппен қоршаған ортаға кел­­ті­рілген залал бойынша 31 млрд 217 млн теңге айыппұл са­лынған. Дегенмен, ма­қалада ауа­ны ластап, тек қана айыппұл тө­­леумен шектеліп, ешқандай ша­ра қол­данбау әдетке айналып отыр­ғаны алға тартылады. 
Халықаралық тәжірибеде ат­мос­фе­раға залалды заттардың шы­ғарылуын қыс­қарту үшін ти­імділігі жоғары меха­низ­мдер қол­данылады. Солардың бас­ты түр­лерінің бірі – салық жүйесі сая­саты. Бұл тәсіл кәсіпорындар та­ра­пынан төленетін салық мөлшерін қыс­қарту үшін атмосфераға залалды заттардың шығарылуын барынша азайтуға бағытталған. Мұндай ша­ра – кәсіпорындарды жаңа тәсілдер із­дес­ті­руге ынталандырады деген сөз. Ал біз­­де керісінше, төленген айыппұлдар еш­қандай нәтижеге жеткізбей, әдет­те­гідей, өндіріс орындары тек қана ай­ып­пұл төлеп, еш шара қолданбай, ке­лесі айыппұлға дейін ауаны ластауды жал­ғас­тыра береді».
Осыған байланысты депутат Бақыт­жан Әбдірұлынан тек айыппұлмен шек­тел­­мей, тиісті құзыретті органдарға ауа­­­ның ластануының алдын алатын, ат­мос­фераға залалды заттардың шы­ға­ры­лу мөлшерiн азайтатын озық тәсіл­дер­ді ой­ластырып, жүзеге асыруды және қа­жет бол­са, басқа да іс-шараларды қа­рас­ты­ру­ды сұрайды.