Парламент • 26 Мамыр, 2017

Қаржы «пирамидаларына» тосқауыл қашан қойылады?

214 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Еліміздің Бас прокуроры Жа­қып Асанов мырзаның на­за­рын халық арасында алаңдау­шылық тудырып отыр­ған тө­мендегі мәселеге аударып отыр­­ғанымның төмендегідей се­бебі бар.

Қаржы «пирамидаларына» тосқауыл қашан қойылады?

Сауат деген бар, білім деген бө­лек. Біз әлем халықтарының ара­сын­­да сау­ат­тылық рейтингінде 11- орын­да тұр­мыз. Шүкір құдайға, хал­қымыздың 99,6 пай­ызы әріп тани­ды. Ал білімдіміз деп ай­та аламыз ба? Мысалы, қаржылық бі­лім тұрғысынан. Мен айта алмаймын. Се­бебі, жыл сайын жаңа атпен шы­ға­тын қар­жылық пирамидаларға бар тап­қанын са­лып, одан опық жеп, ақ­ша­сы күйіп, ин­сульт алып, несиесін жа­ба алмай туы­сы­мен ат құйрығын ке­сіскен ағайын өте көп. 
Биыл Qwestra World (Квестра Уорлд) деген қаржылық компанияның дақ­пырты жү­ріп тұр. Аңқау қоғам олар­­дың «сен – инвес­торсың» де­ге­ні­не сеніп, жиған-тер­ген бар ақшасын сонда салуда. Кө­лік алуға, үй алуға, биз­нес ашуға деп жи­наған қордағы қар­жының бәрін осы ком­панияның шотына салып, одан аз уа­қытта пайда көремін деп алданып отыр жә­не а­лданғалы жатыр.
Осы Квестра тақылеттес Қазақ­стан­­да­ғы компанияның орта деңгейлі ме­­нед­жеріне өзінің артына тіркеліп, қо­­сыл­ғандар 12 миллион доллар жи­нап бе­ріпті. Біз толық көлемде ақ­шаның көл­е­мін біле алмаймыз, ол – қи­сапсыз. Енді осы Квестра секілді компаниялар өздерін Ис­панияда орналасқанбыз деген­дерімен, негізгі ме­кенжайы Виргин аралдары секілді оффшорда орналасқан.
Айтайын дегенім, қаншама ха­лы­қ­­тың ақ­шасы шет ел асып, ізі жо­ғалып жа­тыр. бұған кім жауап бе­реді? Он­сыз да дағ­дар­ыс болып жат­қан­да әр аза­мат өз қол­ы­мен ақша тап­шы­лы­ғын жа­сап жа­тыр.
Бұл компаниялардың бәрі де Қазақ­стан­ға бір тиын салығын тө­ле­мей­ді, демек іс-әрекеттері заң­сыз. Шет­елдіктер біз­ге ақша бермейді, біз­ден ақшаны алып кетеді. Осыны тү­сінетін кез болды емес пе? Бұған дей­ін де «Хеликс», «Делс Ка­питал», «Ин­диго» секілді компаниял­ар болды, «пайданы табасыңдар, тек ақ­шаң­­ды әкелсең болды» деп халықтан тең­­гені мил­лиардтап жинап алған соң, жабылып қал­ды. Бұлардың соңына түсіп, тергеу жүр­гізген біреу бар ма, бар болса, неге ай­тылмайды? 
Дәл осы сәтте қазақ Квестраға ақша салу үшін кредит алып, ломбардқа алтынын өткізіп, көлік-үйлерін сатып жа­­тыр. Әне-міне дегенше Квестрдің жа­­былмасына кім кепіл бола алады? Ол да үрленген шар секілді жарылады, ақырында инсульт, инфаркт алған ақ­ша­сыз ағайын қалады. Содан соң кім жа­ман? Үкімет жаман! Себебі, мұндай қар­жылық компанияларды тексеру ке­рек еді, тоқтату керек еді, халықты қар­жылық сауаттандыру керек еді дей­тін­дер шығады. 
Халықтың ақшасын алдаумен жинап ала­тын осындай күмәнді компанияларға қар­сы заңды шаралар қолданып, олардың орынсыз ойқастауына жол бермеу қажет.

Бекболат ТІЛЕУХАН, 
Мәжіліс депутаты