Парламент • 26 Мамыр, 2017

Табиғи өнімдерімізді танытуға тиіспіз

202 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты биылғы Жолдауында болашақ межеге жеткізетін бес басым бағыттарды нақтылап берді. Айталық, бірінші басымдықта экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуына тоқталса, осы басымдықтың ішінде экономиканың барлық саласына қатысты нақты бағыт-бағдарлар жіктеліп көрсетілді. Соның ішінде Елбасы аграрлық сектор экономиканың жаңа драйверіне айналуы керектігін баса айтқан болатын.

Табиғи өнімдерімізді танытуға тиіспіз

Сөз жоқ, Қазақстанның агро­өнер­кә­сіп кешенінің болашағы зор. Елбасы Жол­дауында: «Көптеген позициялар бойынша біз әлемде ірі аграрлық экс­порт­тық өнім өндірушілердің бірі бола ала­мыз. Бұл, әсіресе, экологиялық та­за тағамдарға қатысты. «Made in Kazakhstan» бренді сондай өнімдердің эталоны болуға тиіс», деген еді. Бұл енді дер кезінде берілген нақты тапсырма деп есептеймін. Өйткені, қазір әлемде экологиялық таза тағамдарға де­ген сұраныс арта түсіп отыр. Кезінде хи­миялық қоспалармен шығарылған тағам түрлерін шектеусіз қолданған әлем жұртшылығының денсаулығы бүгінде сыр бере бастады. Бұған қоса, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ау­рудың 80 пайызы түрлі қоспалардан жа­салған зиянды азық-түліктерді тұ­тыну салдарынан екенін ресми түрде мә­лімдеген еді. Яғни, жер бетіндегі адам­заттың ағзасы тағамның ұзақ мер­зім­ге сақталуы үшін қосқан түрлі хи­ми­кат­тардан уланып болды. 
Ал адамның уланған жасушаларын қалай қалпына келтіруге болады? Әлемнің білікті ғалымдары бұл сұ­рақтың да жауабын тапты. Табиғи та­за өнімдер ғана өлген жасушаларды тірілтіп, сауықтыра алады екен. Осы маңызды деректерге баса мән бе­ре бастаған елдер қазір табиғи таза өнімдер өндіруге, соларды көптеп са­тып алуға бет бұра бастады. Бұл – елі­міздің агроөнеркәсіп кешені үшін үл­кен мүмкіндік. Елбасы бізге осы мүм­кіндікті дер кезінде пайдалануға ке­ңес бер­ді, нақты бағыт-бағдарын көр­­сетті. Ен­дігі біздің міндетіміз – осы мақ­сат­тар­ды жүзеге асыру жолында өзі­міз­дің ой-өрісімізді қосып жұмыс істеу. 
Мәселеге орай, мен мынадай ойларымды ортаға салғым келеді. Мысалы, еліміздің табиғи таза өнімдерімен соның ішінде ешкі, бие, түйе сүтімен әлемдегі көшбасшы елге айналуына мүмкіндігі толық жетеді. Осы түліктердің сүтінің та­биғи құнарлылығы өте жоғары еке­ні белгілі. Адам ағзасын қалпына кел­ті­ре­тін, күш-қуатпен толықтыратын, жү­рек, бүйрек, асқазан, өкпе, бауыр сия­қты адам ағзасындағы маңызды ор­ган­дардың қызметін жақсартатын, сау­ықтыратын қасиетке ие. Ешкі сү­ті ана сү­тімен 80 пайызға сәйкес келе­ті­ні ғы­лы­ми тұрғыдан дәлелденген. Осын­дай те­ң­дессіз табиғи өнімді әлемде Қа­зақ­стан­да ғана кең көлемде және табиғи түр­де өндіруге мүмкіндік бар екен. 
Әйтсе де біз осы мүмкіндікті ба­ға­лап, қа­діріне жете алмай отырмыз. Атал­ған тү­лік­тердің сүт өнімін сыр­тқа шығармақ тү­гілі, елдің ішінде кең көлемде тұты­ны­луына жол аша алмауымыздың өзі ма­ман­дардың жанына бататын жайт. Біз сөремізде осындай табиғи таза өнім­дер тұрғанның өзінде, оны былай сырып тастап, балаларымызға «Пеп­си-кола», «Кока-кола» сияқты хи­миялық қос­па­лардан жасалған сусын­дарды алып бе­реміз. Неге? Себебі, елі­мізде ұлт­тық су­сындарға насихат жасалмайды, оны тұ­тыну жолдарын дамыту ой­лас­т­ы­рыл­ма­ған. Бұған мем­ле­кет­тік тұр­ғы­д­а назар ау­дарып, арнайы бағ­дар­лама жасаса, өте дұрыс болар еді. 
Мәселен, еліміздегі балабақшаларда, мек­тептердегі ас мәзіріне ешкі сүтін, бие мен түйе сүтін енгізудің нақ­ты жо­ба­сы жасалса деймін. Бұл, бірін­ші­ден, ба­лалардың денсаулығын ны­ғай­та­ды. Еш­кі сүтін жас кезінен ішкен ба­­ла­лар­дың сүйек тіні анағұрлым мы­­ғым бо­­лады, ағзаның зат алмасу про­цесі жақ­­сарады, сол себепті көп­те­ген ау­ру­лар­­ға қарсы иммунитеттің кө­­терілуін қа­­лыптастырады. Қазір мек­­тептегі ба­ла­лар­дың тең жарты­сын­да асқазан, бүй­рек және басқа іш құ­рылыстары ауруы көп таралғаны жа­сырын емес. Жоғарыда аталған тү­­ліктердің сүтін тұтыну осы ол­қы­­лық­тард­ың орнын толтырар еді. Дені сау ұр­пақ қана еліміздің келешегін бе­рік қа­­лыптастыратынын естен шы­ғар­ма­ға­нымыз абзал. 
Екіншіден, бұл экономикалық жа­ғы­нан да өте тиімді. Ел ішінде осындай өнімд­ерді нақты тұтынатын нүктелер бол­ғаннан кейін, оны өндіруші арнайы фер­малардың да саны арта түседі. Бұл, ай­налып келгенде, Елбасымыздың би­ылғы Жолдауында айтқан жеке үй шаруашылықтары мен шағын фер­мер­лер­ді кооперативтерге біріктіру мін­де­тін орындауға жол ашады. Елбасы Жо­л­­дауында бес жыл ішінде 500 мыңнан астам жеке үй шаруашылықтары мен шағын фермерлерді кооперативтерге тартуға мүмкіндік беретін жағдай жасау керектігін баса айтқаны белгілі. Ал осындай міндеттерді сәтімен жүзеге асыру үшін алдымен ел ішінде олардың өнімдерін тұрақты және кең көлемде тұтынатын нүктелерді көбейткен дұрыс болар еді. Бірінші балабақшалар мен мектептердегі ас мәзіріне табиғи өнім­дер қосыла бастаса, кейін басқа да та­мақ­тандыру ұйымдарын да ешкі, бие, түйе сүтін пайдалануға көшіруге бо­лады. Сөйтіп, табиғи таза өнімдер үкі­мет­т­ік деңгейдегі қолдаудың арқасында ел ішінде кең көлемде тұтыныла бас­тар еді.
Содан кейін ішкі нарықта өзін мой­­­ындатқан ірі кооператив немесе фер­ма­лар өз өнімдерін шет елдерге экс­по­­рт­­тайды. Бүгінде шет елдерде, жо­ға­рыдай айтып өткеніміздей, та­би­ғи эко­ло­гия­лық таза өнімдерге сұ­ра­ныс ар­тып ке­леді. Тек біз оларға өз өнім­де­рімізді лайықты ұсына білуіміз керек.
Күні ертең Астанада халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесі келушілерге есі­гін айқара ашады. Осы көрмеде біз ұлттық табиғи таза өнімдер орта­лы­ғын құрып, Қазақ елінің бренді бо­ла ала­тын, әлемді мойындататын құн­ды­лықтарымызды шетелдіктерге неге көр­сетпеске?! Егер осылай жасай алсақ, көп нәрсе ұтар едік.

Амангелді ДӘУРЕНБАЕВ,
Мәжіліс депутаты