Биылғы жаздың фавориті, әрине, «Болашақ энергиясы» тақырыбы аясындағы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің иесі ретінде Астана болатыны даусыз. Америкалық «The New York Times» басылымы Қазақстан мен ЭКСПО-2017 көрмесін осы жылы баруға ұсынылған 50-топ орындардың ішіне енгізгенін атап өткен жөн. Біздің еліміз шетелдік қонақтарға ыңғайлы болуы үшін 45 мемлекетке визасыз режім енгізді. ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі Астана қаласында өтетініне қарамастан, оңтүстік мегаполис – Шымкент қаласына да туристер келеді деп күтілуде. Айтпақшы, ЭКСПО-2017 қонақтары үшін Шымкент қаласына, басқа да тарихи қалаларға, табиғаты көрікті аймақтар мен табиғи қорықтарға, сонымен бірге, қасиетті жерлерге баруға қамтылған арнайы маршруттар әзірленген. Жалпы, туристерді табиғат рухының миксі, ежелгі дәстүрлер мен заманауи трендтер күтіп тұр.
Біз сіздерді ең дәмді, күн шуағы төгілген және рухани қала – Шымкентпен танысуға шақырамыз. Ертеде бұл жер сауда, мәдениет пен өркениеттің орталығы болған және Ұлы Жібек жолы осы жермен өткендігінің арқасында қарқынды дами бастады. Бұл, әрине, жергілікті салт-дәстүрге және тұрғылықты халықтың мінез-құлқына өзіндік ізін қалдырды. Бүгінде Шымкент – Шығыстың дәмді тағамымен әйгілі меймандос қалалардың бірі, мұнда ең қонақжай адамдар тұрады. Шымкент халқы әрбір қонақты жылыұшырай және құшақ жая қарсы алады.
Шымкент – ерекше, қайталанбас энергетикасы бар қала. Дамудың заманауи үдерісі, болашақ амбициясы мен салт-дәстүрді құрметтеудің рухы тамаша үйлескен қала. Шымкент – ірі мегополистердің бірі, маңыздылығы бойынша Қазақстандағы үшінші қала, тұрғындарының саны миллионға жақын. Қаланың инфрақұрылымы дамыған, оған халықаралық әуежай, темір жол вокзалы және бірнеше автовокзалдар енген. Шымкентте автомобиль жолдары мен көшелер жүйесі – Қазақстандағы ең ұзақ тартылған жолдар. Қозғалыстың экологиялық түрін ұнатушылар мен саламатты өмір салтын ұстанушылар үшін астаналық велопрокаттың Shymkent Bike баламалы жүйесі қызмет етеді. Ал асықпайтындар мен жаяу жүргіншілер үшін қала өзінің барлық көрікті жерлерін ғана емес, сонымен бірге, қалалық саябақтың құпия орындарын, тарихи ғимараттардың ерекше көрінісін және басқа да таңғаларлық құпияларды көрсетуге дайын.
Шымкент – әдемі, қайталанбас табиғи ландшафымен әйгілі саябақтары, көптеген субұрқақтары мен ескерткіштері бар қала. Шымкентте көктемде болғандар осы қаланың символы болған, түрлі-түсті гүлденген сан мыңдаған қызғалдақтарды ұмытпайды. Ал кейбір деректер бойынша, Оңтүстік Қазақстанның жері – қызғалдақтардың отаны саналады, оны алғашқыда Түркия, ал сонан соң Голландияға жеткізген дейді. Жыл сайын осы тамаша гүлдерді отырғызудың науқанына атсалысуға да болады.
Шымкентте құрамына еліміздегі жалғыз жасанды көл, хайуанаттар бағы және ипподром енген дендробақ бар, бұл – ерекше демалыс орны. Мегаполис мақтанышының бірі – қала тұрғындарының сүйікті жері, Тұлпар өзені жанында орналасқан, жаңартылған инфрақұрылымы бар, Орталық Азиядағы ең ірі Altyn Eye қаланы шолу дөңгелегі.
Тағы бір әйгілі орын Қошқар ата болып табылады. Шымкент – судың күре жолының бастауын қаладан алатын көптеген шаһарлардың бірі және бірегейі. Көптен бері өзен жағасында таза шымкенттік «Саиль Қошқар ата» мерекесі аталып өтеді. Мереке асыл тұқымды қошқардың атасына арналған және Наурыз мерекесі алдында ұйымдастырылады.
Шымкент пен оның айналасындағы көрікті, тамаша жерлер туралы айта беруге болады. Бірақ бір рет көзбен көргенге не жетсін! Бұл жер тек алыс шетелдіктер үшін ғана емес, көршілес ТМД елдері, сонымен қатар, басқа өңірлерде тұратын қазақстандықтар үшін де қызықты болады. Олар, әрине, жан жылуының энергиясын сезініп, бағаның қолжетімділігі мен демалудың сан алуан түрлілігін лайықты бағалайды деген сенімдеміз.
Диана БАТИЩЕВА