Йенс Столтенбергтің айтуынша, коалицияға қосылу НАТО-ның жауынгерлік әрекеттерге қатысуын білдірмейді. Сондай-ақ ол НАТО-ның коалиция мүмкіндігін күшейтуге атсалысатындығын да тілге тиек етті.
Брюссельдегі саммит барысында альянстың штаб-пәтерінде ақпарат алмасу бойынша лаңкестікке қарсы орталық ашу жөнінде шешім қабылданды. НАТО жанындағы Ресейдің тұрақты өкілі Александр Грушко альянстың коалицияға бірігуінен ештеңе өнбейтіндігін айтып өтті.
«Менің пікірімше, бұл қадамның беретіні шамалы, өйткені, альянсқа мүше елдердің барлығы осы коалицияның да мүшелері», – деді А.Грушко.
Ирак және Сириядағы лаңкестермен күрес жөніндегі халықаралық коалицияға 68 мемлекет кіреді. Ол 2014 жылдың тамыз айында құрылған.