Жекпе-жек алдында Қанат Исламның салмағы - 153,8 фунт (69,76 кило) болса, қарсыласы Норберто Гонсалестің салмағы -154 фунт (69,85 кило). Кездесу бірінші орта салмақта өтеді.
Сонымен қатар, Ислам-Гонсалес андеркартында жұдырықтасатын отандасымыз Жанқош Тұраров та салмақ өлшеу рәсіміне қатысты. Тұраровтың салмағы 150,8 фунт (68,40 кило), қарсыласы Густаво Гарибайдың салмағы — 151 фунт (68,50 кило) құрады. Бұл жекпе-жек жартылай орта салмақта өтеді деп жоспарланған (147 фунт, 66,678 кило).
Ислам-Гонсалес кездесуі АҚШ-тың Флорида штатындағы Бока Ратон қаласында орналасқан «Boca raton resort & club»-та өтеді. Жекпе-жек жеңімпазы WBO NABO және WBA Inter-Continental вакантты титулын иеленеді.
Қанат Ислам мен Норберто Гонсалес жекпе-жегін ертең яғни, 27 мамыр күні сағат 06:00-ден бастап «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «Kazsport» арнасы тікелей эфирде көрсетеді.