«Batyr mall» сауда және ойын-сауық орталығының алаңына жиналған жастар бұрын қалалық саябақтарда домбыра тартып, жұртты таңғалдырып жүрген-ді. Бұл жолғы шараға өнер адамдары, домбырашылар, домбыраны жаңа үйреніп жүрген жастар келді.
Кеш бойы күмбірлеген қазақ күйлері орындалды. Күйшілердің арасында Құрманғазы атындағы №1 балалар музыкалық мектебінің мұғалімі Берік Қожамбаев, шәкірті Айдана Әлкенова, тележүргізуіш Қуандық Танабас «Адай», «Балбырауын» күйлерін орындап берді. Қуандық 5 жасынан бастап күй үйренген. Анасы Фарида ұлының талабын байқап, балалар музыка мектебіне берген екен. Далада күй ойнау арқылы кішкентайлардың, жастардың ұлттық өнерге, домбыраға деген қызығушылықтарын оятады. Домбыра-party ұлттық аспаптың мәртебесін осылай еркешелеуде.
Ал, жалпы «Найзатас» журналы өңірдегі қазақ-орыс тілдерінде шығатын әдеби-көркем, қоғамдық-саяси басылым. Екі айда бір рет шығатын журналдың мазмұны айшықты.
«Мақсаты өңірдегі қаламгерлерге мүмкіндік беріп, қазақ әдебиетінің өткенімен бүгініне үлес қосу», – дейді журналдың бас редакторы, жазушы Ғалымбек Жұматов.
Фарида Бықай
«Егемен Қазақстан»
Павлодар облысы
Павлодарда «Найзатас» журналының 5 жылдығына орай «Домбыра-party» шарасы өткізілді.
«Жастар» Сарайының жарты ғасырлық мерейтойы тойланды
Елорда • Кеше
«Egemen Qazaqstan» газетінің тілшісі «Дарын» сыйлығын иеленді
Мәдениет • Кеше
Алматы • Кеше
Президент Мәжіліс төрағасын қабылдады
Президент • Кеше