«Былтыр күзде облыс әкімі Даниал Ахметов ауданға арнайы келіп, Алакөлге байланысты жиын өткізген болатын. Сол жиында көлге абаттандыру жұмыстарын дұрыс жүргізбейтін, санитарлық талаптарды дұрыс сақтамайтын кәсіпкерлердің демалыс базасын іске қосуға 2017 жылы рұқсат берілмейтінін айтқан-ды. Қазіргі уақытта мұндағы 147 демалыс базасының 43-і туристерді қабылдауға дайын. Қалғандары 1 шілдеге дейін аяқтаймыз деп уәде беріп отыр. Егер осы мерзімге дейін аяқтамайтын болса, олардың демалыс орындары ашылмайтын болады», – деді аудан әкімі.
Алакөлді абаттандыру үшін облыстық бюджеттен 500 миллион теңге бөлінгені белгілі. Аудан басшысының айтуынша, бұл қаржының 150 миллионына үлкен саябақ салынып жатыр. Құрылысы 20 маусымға дейін аяқталады. Сонымен қатар Алакөлде заманауи талаптарға сәйкес келетін дүңгіршектер мен үлкен жағажайдың құрылысы қызу жүргізіліп жатыр. Жағалауға сексен үш бейнекамера орнатылады, 4 полиция, 2 медициналық пункт бой көтереді. Отызға жуық полицей тәулік бойы қызмет көрсетеді. Жеті шақырымнан астам жол асфалтталып, 2 шақырымнан астам жаяу жүргіншілер жолы салынады. Тағы бір жағымды жаңалық, мұнда автобекет пен автотұрақ іске қосылады. Серік Зайнулдин аудан тұрғындары Алакөлдің жағасына 760 метр аумаққа өз еріктерімен гүл және ағаш көшеттерін отырғызғанын айтып, бұл жердегі жұмыстардың 1 шілдеге дейін толық аяқталатынын жеткізді. Ал суға түсу маусымы 20 маусымға қарай басталады.
Азамат ҚАСЫМ,
«Егемен Қазақстан»
Шығыс Қазақстан облысы.
Бүгін Өскемендегі облыстық ақпараттық орталықта өткен брифингте Үржар ауданының әкімі Серік Зайнулдин қазіргі уақытта Алакөлде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы журналистерге жан-жақты айтып берді.
Мемлекет басшысы Талдықорғандағы Үстел теннисі орталығын аралап көрді
Президент • Бүгін, 19:45
«Egemen» де, домбыра да сыйлады
Руханият • Бүгін, 19:30
Қасым-Жомарт Тоқаев «Жетісу» волейбол клубының жай-күйімен танысты
Президент • Бүгін, 19:00
Мемлекет басшысы Ынтымақ ауылындағы мектепті аралап көрді
Президент • Бүгін, 18:21
Биыл Жетісу облысында 250 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілген
Президент • Бүгін, 17:48
Президент «Талдықорған» индустриялық аймағына барды
Президент • Бүгін, 17:36