Жекпе-жек • 26 Мамыр, 2017

Галбадрах Отгонцэцэг - Азия Чемпионатының күміс медаль иегері

251 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Гонконгта дзюдодан Азия Чемпионаты басталды.

Галбадрах Отгонцэцэг - Азия Чемпионатының күміс медаль иегері

Жарыстың бірінші күнінде Қазақстан құрамасы сапынан сынға түскен 9 дзюдошының бесеуі іріктеу кезеңінін іркілмей өтіп, құрлықтық біріншіліктің жүлделерін сарапқа салып жатыр.

Қыздар бәсекесінде 48 келіде сынға түскен отандасымыз Галбадрах Отгонцэцэг Азия Чемпионатында күміс медаль иеленіп, ел қоржынына алғашқы жүлденң салды. Ол финалдық кездесуде моңғолиялық қарсыласы Уранцэцэг Мунхбатқа есе жіберіп, жарысты екінші орынмен аяқтады.

Отгонцэцэцг Галбадрах (48 кг) алғашқы белдесуінде вьетнамдық Тинзи Хаонгты иппонмен ұтып, екінші белдесуінде Терри Кусумауардани Сюзантиді (Индонезия), жартылай финалда жапон дзюдошысы Фуна Тонакиді иппонмен жеңіп, финалға жолдама алған болатын.

Айта кетейік, құрлық біріншілікке ел құрамасынан 18 спортшы қатысуда.