Кооперативтер құрамында 1952 бас ірі қара, 124 бас жылқы, 2056 бас ұсақ мал және 2310,3 га ауыл шаруашылық жерлері бар. Оларда барлығы 270 адам жұмыспен қамтылған.
- Кооператив құрамында мүшелерінің саны 20 және одан жоғары адамдары бар, барлығы 5 кооператив ашылған. Сонымен қатар, құрамында 20 адамы бар 2 кооперативтің құжаттары әділет басқармасында тіркелу үстінде. Тиісті жұмыстар жалғастырылуда, -деді С. Зайнулдин.
Былтыр аудан көлемінде 17 816,5 тонна (106,7 %) ет , 73 520 тонна (104,6%) сүт, 16 846 мың дана (101,3 %) жұмыртқа, 626 тонна (100,9%) қырқылған қой жүні өндірілген. Бұл орайда, агроөнеркәсіп кешенін және ауылдық аумақтарды дамытудың мемлекеттік саясатын іске асыру шеңберінде ауыл шаруашылығы кооперативтерін құруға жасалған көмектің үлесі қомақты екенін ескерген жөн.