Саясат • Бүгін, 07:53

Симпозиум қатысушыларына құттықтау жолдады

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістанда Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің базасында «Қожа Ахмет Ясауи ізімен: қолөнершілер» атты халықаралық мәдени-ғылыми симпозиум өз жұмысын бастады.

Симпозиум қатысушыларына құттықтау жолдады

Сурет: turanews.kz

Іс-шараға ғылыми және сарап­шылық қоғамдастық, мемле­кеттік құрылымдар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ көршілес мемлекеттерден келген делегациялар қатысты.

Сенат төрағасы Мәулен Әшім­баев­тың форум қатысушылары­на арналған құттықтау хатын Сенат депутаты, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Өкілетті кеңесінің мүшесі Дархан Қыдырәлі оқып берді. Сенат спикері өз жолдауында Мемлекет басшысының Қожа Ахмет Ясауи есімін ұлықтау мен оның рухани мұрасын насихаттау ісіне қосқан ерекше үлесін атап өтті. Сондай-ақ ортақ тарихи тұлғалардың өсиет­терін бірлесе зерттеудің маңыз­дылығына айрықша мән беріл­ді, бұл аймақ елдері арасындағы ынтымақтастықтың жаңа деңгейге көтерілуіне ықпал етуге тиіс.

Симпозиум барысында қатысу­шылар түркі әлемінің ортақ мәдени мұрасының маңыз­ды бөлігі ретіндегі «ахилік» дәстүрі­нің мәнін, сонымен қатар рухани құн­дылықтарды сақ­тау, гумани­тар­лық байланыстар­ды нығайту және халықаралық ынты­­мақ­тас­тық­ты дамыту мәселе­лерін талқы­лады. Форумның ашылуын­да ай­тылғандай, бұл жиын ортақ тари­хи-мәдени бағдарларды ілгері­летуге және бауырлас елдер арасындағы өзара іс-қимылды кеңейтуге тың серпін беруді көздейді.

 

Соңғы жаңалықтар

Бұлақ көрсең, көзін аш

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:15

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:03

Мал ұрлығы тыйылмай тұр

Қылмыс • Бүгін, 08:55

Қазақ үнінің қазынасы

Мультимедиа • Бүгін, 08:53

Құқықтық сауат – уақыт талабы

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:45

Донорға тәуелді өмір

Денсаулық • Бүгін, 08:43

Жас талаптың жобасы

Жоба • Бүгін, 08:38