Балалар • Бүгін, 15:28

Баланы жарақат пен аурудан қорғау үшін сақтандыру полисін қалай таңдау керек?

2 мин
оқу үшін

Қамқорлық пен мейірімді ақшамен өлшеу мүмкін болмаса да, өмірді сақтандыру ата-ананың баласына деген сүйіспеншілігін нақты кепілдіктерге айналдыратын тиімді құралдың бірі саналады. Бұл мақалада балаларға арналған өмірді сақтандыру бағдарламалары туралы айтып береміз, деп хабарлайды Egemen.kz.

Баланы жарақат пен аурудан қорғау үшін сақтандыру полисін қалай таңдау керек?

Коллажды жасаған Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»

Мысалға Halyk Life өмірді сақтандыру компаниясы балаларға арналған арнайы «Балам» бағдарламасын ұсынады. Бұл бағдарлама баланың дене жарақатын алған жағдайда қаржылық қорғауды қамтамасыз етеді және жарақаттан кейінгі емдеу мен оңалту шығындарын өтеуге арналған сақтандыру төлемдерін қарастырады. Сақтандыру төлемінің мөлшері 1 миллион теңгеге дейін жетуі мүмкін.

«Балам бағдарламасы әсіресе жазғы демалыс кезінде өзекті. Өйткені дәл осы кезеңде демалыс, саяхат, спорт секциялары мен белсенді ойындар кезінде балалардың жарақат алу қаупі артады. Полис бала жарақат алған жағдайда емделу мен қалпына келтіруге кеткен шығындарды өтеуге көмектеседі. Қажет болған жағдайда сақтандыруды баланың белсенділігі жоғары кезеңге, соның ішінде спортпен айналысу және демалыс уақытын қамтитындай етіп рәсімдеуге болады», деп хабарлады сақтандыру компаниясының баспасөз қызметі.

«Балам» бағдарламасының құны – жылына 6 000 теңге. Оны Halyk Life мобильді қосымшасы арқылы бірнеше минут ішінде онлайн рәсімдеуге болады.

Сақтандыру жағдайы болған кезде Halyk Life өмірді сақтандыру компаниясының филиалына келесі құжаттарды ұсыну қажет:

  • мөр басылған травматология бөлімінің қорытындысы;
  • медициналық анықтама (үзінді көшірме);
  • рентген суреті;
  • IBAN банк шотының нөмірі.

Сақтандыру төлемі 3 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Жазғы демалыс кезінде балалар қауіпсіздігі қалай қорғалады?

Nomad Life компаниясы отбасының қажеттілігі мен баланың жасына қарай әртүрлі сақтандыру шешімдерін ұсынады. Өмірді мерзімді сақтандыру және жазатайым оқиғалардан сақтандыру бағдарламалары бойынша 7 жастан асқан балаларға полис рәсімдеуге болады.

Шарт жазатайым оқиға салдарынан алынған жарақаттар кезінде, сондай-ақ осы себеппен ауруханаға жатқызылған жағдайда сақтандыру төлемдерін қарастырады.

«Сонымен қатар, 2025 жылдан бастап Nomad Life компаниясы «Сенім» атты жаңа өнімді іске қосты. Оның аясында 1 жасқа толған балалардың өмірі мен денсаулығын сақтандыруға болады», деп түсіндірді компанияның баспасөз қызметі.

Сақтандыру компанияларының халықтық рейтингін арнайы рейтингтік ресурстан көруге болады.

Көпшілік балаларды сақтандыру тек аса белсенді немесе кәсіби спортпен айналысатындарға ғана керек деп ойлайды. Алайда тәжірибе көрсеткендей, күнделікті өмірде балалар түрлі қауіпті жағдайға көбірек ұшырайды.

Соңғы жаңалықтар