Ерелер арасында 66 кило салмақта сынға түскен қазақстандық дзюдошы Елдос Жұмаханов Азия Чемпионатының финалында Рио Олимпиадасының күміс медаль иегері, Әлем чемпионы кореялық Ан Баулдан жеңіліп, чемпионаттың күміс медаліне ие болды.
Елдос Жұмаханов финалға дейін Ширесза Индра Бахадур (Непал), Ю Жикян (Қытай) және Сордар Нурилоевты (Өзбекстан) жеңген болатын.
Сондай-ақ, 66 килода татамиге шыққан тағы бір қазақстандық дзюдошы Азамат Мұқанов жұбынаш белдесуінде қырғыз Бектур Рысмамбетовтен ұтылып қалды.
Бұған дейін қыздар арасында 48 килода сынға түскен отандасымыз Галбадрах Отгонцэцэг те Азия чемпионатының күміс медалді қанағат тұтқан болатын.
Естеріңізге сала кетсек, бүгін Гонконгта дзюдодан Азия Чемпионаты өтіп жатыр. Құрлықтық біріншілікке ел құрамасынан 18 спортшы қатысуда.