Моңғолия мен Түркі әлемінің арасындағы ғылыми ынтымақтастықты дамытуға қосқан еңбегі және көшпелілер мұрасын зерттеуге қосқан зор үлесі үшін тағайындалған марапатты Моңғолия Ұлттық Ғылым академиясының І вице-президенті, академик Гэлэгпил Чулуунбаатар тапсырды.
Г. Чулуунбатардың айтуынша, Дарxан Қыдырәлі Академияның Құрметті докторы атағы берілген бесінші кісі.
Айта кету керек, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласына арналған Форум жұмысына АҚШ-тан, Еуропа мен Азия елдерінен келген 200-ге жуық ғалымдар қатысуда.