Оның тәртіптік ісін қарау барысында өрескел заңбұзушылықтардың орын алғаны анықталды. Атап айтқанда, шенеунік қызмет бабын пайдалана отырып, ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтеріне тиесілі қаражатты әкесіне, одан қалды туған-туыстарына қылдай етіп бөліп берген. Осылайша 3 млн 96 мың теңгені шүлен таратқандай үлестірілген.
Тағы бірнеше лауазымды қызметкерді мемлекеттік қызметші атына кір келтірген іс-әрекеті үшін лауазымынан шеттету жөнінде шешім қабылданды.
Ақжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Әбдіжапар Қиманов асыл тұқымды мал өсірумен айналысатын фермерлерге субсидия беру туралы құжатқа екі рет қол қойып, бір жылдың ішінде 1 млн 800 мың теңгені қолдарына ұстатып жіберген. Ол штатта мамандар жетіспейді, жұмыс жүктемесі көп, субсидия алғандарын білмедім деп сан сылтау айтқанымен, қызметіне толық сай емес деген ұйғарым шығарылды.
Уәлиханов аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің жетекшісі Азамат Жауаровқа да қызметіне толық сай еместігі бетіне басылды. Ол 13 шаруашылыққа заңсыз субсидия бөлген.
Өмір Есқали,
«Егемен Қазақстан».
Солтүстік Қазақстан облысы.
Солтүстік Қазақстан облысында Әдеп жөніндегі кеңестің мүшелері Ақжар ауданы Май ауылдық кеңесінің әкімі М.Надыровты қызметінен босату туралы аудан әкіміне ұсыныс жолдады.
«AMANAT»-та «Ұлы дала» әдеби байқауы қорытындыланды
Руханият • Кеше
Деректер журналистикасы бойынша оқу курсының таныстырылымы өтті
Аймақтар • Кеше
«Egemen» де, домбыра да сыйлады
Руханият • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев «Жетісу» волейбол клубының жай-күйімен танысты
Президент • Кеше