Іс-шара аясында басқа да делагация басшылары қатарында А. Камалдинов Испания Королі VI Фелипемен кездесті.
Халықаралық дағдарысқа алып келген сириялық жанжал конференцияның басты тақырыбы болды.
«Қазақстандық сыртқы саясат ведомствосы басшысының орынбасары еліміздің халықаралық қауымдастықтың қолданып жатқан шараларын, сондай-ақ диалог пен бітімге келу жолы арқылы қантөгісті жедел тоқтатуды қолдайтынын атап өтті. Қазақстан сонымен қатар, Сирияның саяси болашағын айқындауға бағытталған сириялық билік пен оппозицияның әрекеттерін де қолдайды», – делінген баспасөз хабарламасында.
Өз кезегінде, конференцияға қатысушылар Сирия бойынша Астана процесінің нәтижелерін жоғары бағалап, Қазақстан қабылдап жатқан барлық шараларға қолдау білдірді.
Таяу Шығыстағы этносаралық және дінаралық жанжалдарды талқылау барысында қазақстандық дипломат еліміздің тәуелсіздігінің алғашқы күнінен бастап бейбіт дамуды таңдағанын айтты. Бұл ретте вице-министр қолданыстағы азаматтық қоғамның ерекше институты – жоғары деңгейдегі мәдениаралық сұхбаттың жаңа кезеңіне бастау салған Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі туралы да хабарлады.
Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақылбек Камалдинов Мадрид қаласында Таяу Шығыстағы этникалық және діни зомбылық жөніндегі конференцияға қатысты, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Сенаторлар «Келешек» жинақтау жүйесіне қатысты заңды мақұлдады
Сенат • Бүгін, 22:00
«AMANAT»-та «Ұлы дала» әдеби байқауы қорытындыланды
Руханият • Бүгін, 21:52
Деректер журналистикасы бойынша оқу курсының таныстырылымы өтті
Аймақтар • Бүгін, 21:00
Мемлекет басшысы Талдықорғандағы Үстел теннисі орталығын аралап көрді
Президент • Бүгін, 19:45
«Egemen» де, домбыра да сыйлады
Руханият • Бүгін, 19:30
Қасым-Жомарт Тоқаев «Жетісу» волейбол клубының жай-күйімен танысты
Президент • Бүгін, 19:00