Шағын форматта өткен отырыста үкіметтердің басшылары инновациялар, атом энергиясы, көлік қауіпсіздігі, геодезия, радионавигация, контрафактілік өнімдерді шығаруға қарсы іс-қимыл, сонымен қатар зияткерлік меншікті қорғау салаларындағы ынтымақтастықты жандандыру мәселелерін талқылады.
Қатысушылар кең форматта жалғасқан кеңес жұмысында қазақстандық материалтану тоқамағы базасындағы тәжірибелік кешенді бірлесіп пайдалану туралы келісімді, сонымен қатар 2017-2019 жылдарға арналған халықаралық тасымалдар кезінде ТМД-ға мүше мемлекеттердің аумағында Көлік қауіпсіздігі стратегиясын іске асыру жөніндегі бірінші кезектегі шаралар жоспарын талқылады.
ТМД елдерінің үкімет басшылары кеңесінің қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға, атап айтқанда Мемлекетаралық инновациялық ынтымақтастық бағдарламасын іске асыру бойынша 2017-2019 жылдарға арналған Іс-шаралар кешені туралы құжатқа, атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы нормативтік-құқықтық және нормативтік-техникалық реттеу, сәйкестікті бағалау, стандарттау, аккредиттеу және метрологиялық қамтамасыз ету бойынша тәсілдерді үйлестіру туралы келісімге қол қойылды.
Бұдан өзге, контрафактілік өнім өндіруге және таратуға қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық туралы Келісімге, зияткерлік меншікті құқықтық қорғау және сақтау саласында ынтымақтастық орнату және зияткерлік меншікті құқықтық қорғау және сақтау мәселелері жөніндегі Мемлекетаралық кеңес құру туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы Хаттамаға қол қойылды.
Сондай-ақ, ТМД елдерінің Мемлекетаралық радиациялық бағдарламасы және ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің 2016 жылғы 16 қыркүйектегі ТМД Экономикалық соты туралы шешімін іске асыруға қатысты құжаттарға қол қойылды.
ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қазан қаласында ТМД елдерінің үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысына қатысты. Онда Достастық экономикасының түрлі салаларындағы ынтымақтастық мәселелері қаралды, деп хабарлайды primeminister.kz
Қазақстанның екі өңірінде жол жабылды
Ауа райы • Бүгін, 16:25
Астана даңғылдарының бірі 2 аптаға жартылай жабылды
Елорда • Бүгін, 15:47
Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен 19 жастағы қыздың мәйіті табылды
Қоғам • Бүгін, 15:17
Ақтау маңында ірі жол апаты болып, 7 адам ауруханаға жеткізілді
Аймақтар • Бүгін, 14:42
Алаш қозғалысы: 12 том құжаттар мен материалдар жинағы толық жарық көрді
Руханият • Бүгін, 14:03
Шайды қай кезде ішкенде зияны болмайды
Денсаулық • Бүгін, 13:32