Үшінші раундта отандасымыз Гарибайды нокдаунға түсірген болатын. Осы қарқынын үдете түсіп, сериялы соққыларынан кейін төреші раунд аяқталар тұста жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды. Осылайша 26 жастағы отандасымыз 21-ші жеңісіне қол жеткізді.
Айта кетейік, қос боксшы салмақ өлшеу кезінде жартылай орта салмақтың лимиті саналатын 147 фунтқа сай (66,6 кило) болмағандықтан, кездесу аралық салмақта, яғни бірінші орта және жартылай орта салмақ дәрежесі аралығында (151 фунт) өтті.
Айта кетейік, Жанқош Тұраров 21 жекпе-жегінің 15-ін уақытынан бұрын аяқтап отыр. Ал 36 жастағы мексикалық 13 кездесуін жеңіспен аяқтаса, осымен тоғызыншы рет жеңіліп отыр. Сондай-ақ, екі айқасын тең аяқтаған.