Облыстық қалалық, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, қала, облыс әкімдіктері, бағбаншылар, санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы да барлығы бірлесіп енді шіркейлердің қаптауын болдырмау жайын талқылады.
Облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше шіркейлерді құрту үшін 600 миллион теңге бөлініпті. Ресейден 157 400 литр арнайы сұйық дәрі жеткізіліпті. Бір литр 2240 теңге. Шіркейлер қаптамас үшін Сібірдің «Бактицид» деп аталатын биологиялық дәрісін «Сиббиофарм» компаниясы жеткізіген. Қажетті препараттар мен қызметтерді сатып алу жөніндегі конкурс өткен жылдың желтоқсан айында басталып, 2017 жылдың ақпанын да аяқталды. Қоғамдық кеңес мүшелері, депутаттар барып биопрепараттар сақталған қойманы да көріп қайтты. Бұл дәріні сатып алуға 352, 5 миллион теңге жұмсалыпты. Бірақ, Ресейден жеткізілген дәрінің сапасы, тиімділігі, шіркейлердің бас көтермеуіне кепіл беруге әлі ерте.
Қазір Ертіс өзенінің аңғарын масаға қарсы ауадан улау жұмыстары жүргізілуде. «Бактицид» биологиялық препараты тиелген АН-2 ұшағы әуеде. Облыс орталығы үшін 14150 гектар аумақта препаратты себеді
Фарида Бықай,
«Егемен Қазақстан»