Аймақтар • 27 Мамыр, 2017

ШҚО денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды

216 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің өкімімен облыстық денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысы болып Марат Шоранов тағайындалды.

ШҚО денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Марат Шоранов 1997 жылы Қазақ ұлттық медициналық университетін тәмамдаған. Виргиния Достастығы университетінде, Эмори университетінде, Роллинс қоғамдық денсаулық сақтау мектебінде білім алған. Қызмет жолын Қазақ ұлттық урология ғылыми орталығында клиникалық ординатор ретінде бастап, Алматыдағы литотрипсия және хирургиялық эндоскопия департаментінде жұмыс істеген.

Департаменттің кіші және аға ғылыми қызметкері, департаменттің басшысы, Б.Жарбасынов атындағы Қазақ ұлттық урология ғылыми орталығы директорының орынбасары қызметтерін атқарған. Астанада денсаулық сақтауды дамыту институтын басқарды. АҚШ-тағы Эмори университетінің интернатурасын аяқтағаннан кейін республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы экономикалық зерттеулер орталығына жетекшілік еткен. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің стратегиялық даму департаменті және медициналық қызметтерді стандарттау департаментінің директоры қызметін атқарған. Денсаулық сақтау басқармасы басшысының қызметіне тағайындалғанға дейін 2015 жылдың қазан айынан «Univercity Medikal Center» корпоративті қорының атқарушы директоры болып жұмыс істеді.

Азамат ҚАСЫМ,
«Егемен Қазақстан»