Жекпе-жек • 27 Мамыр, 2017

Дзюдошы Максим Раков Азия чемпионы атанды

205 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

31 жастағы қазақстандық дзюдошы Максим Раков (100 кило) карьерасында екінші рет Азия чемпионы атанды.

Дзюдошы Максим Раков Азия чемпионы атанды

Ақтық сында ол кореялық Хьюн Чол Кимді жеңіп, ел қоржынына алғашқы алтын жүлдені салды.

Айта кетейік, жарыстың алғашқы күнінде спортшыларымыз үш медаль жеңіп алды. Олар Галбадрах Отгонцэцэг (48 кило), Елдос Жұмақанов (66 кило), Жансай Смағұлов (73 кило).

Азия чемпионаты Гонконгте өтіп жатыр.