Басылымның мәліметінше, боксшылардың өкілдері қазіргі уақытта жекпе-жекке қатысты мәселелерді талқылап жатыр. Кездесу Астанада 9 қыркүйекте өтуі мүмкін. Тараптар жақын арада келісімге келу керек.
Айта кетейік, 33 жастағы Джеймс Киркленд осыған дейін 2015 жылдың мамыр айында мексикалық Сауль «Канело» Альварестен жеңілген болатын. Америкалық боксшы 34 кездесу өткізіп, олардың тек екеуінде жеңіліске ұшыраған. Сондай-ақ, Альварестен басқа ол Головкиннің бұрынғы қарсыласы жапон боксшысы Нобухиро Ишиден жеңілген болатын.
Ал қазақстандық Қанат Ислам бүгін 24-жеңісіне қол жеткізді, оның 19-ы мерзімінен бұрын аяқталған.