Тәртіпсіздіктің қай көшеде болғаны жайлы жазады. Германиядағыдай жаңашылдық бізге де жетіп, «Zero Tolerance» мобильді қосымшасының құрастырушылары еліміздің Әділет министрлігі авторлық құқық жөніндегі куәлікке қол қойыпты.
Мобильді қосымшаны тұрғындар қаладағы PlayMarket және AppStore электронды дүкенінен жүктеп, ұялы телефон нөмірі арқылы тіркеуден өте алады. Хабарланған жазба жасырын түрде түседі. Онда суретті, не бейнежазбаны түсірген адамның аты-жөні көрсетілмейді. Жобада ішкі істер департаменті, төтенше жағдайлар департаменті, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі, денсаулық сақтау басқармасы, тұрғын үй инспекциясы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, медициналық қызмет көрсету сапасын бақылау департаменттері арнайы ұяшықтары бар. Прокурорлардың айтуынша, алдағы уақытта бұл тізімнің басқа мемлекеттік органдармен толығады.
Бұған дейін «Zero Tolerance» мобильді қосымшасы арқылы тұрғындардан 100 ден аса құқық бұзушылық көрініс тапқан суреттер мен бейнежазбалар келіп түсіпті. Бейнежазбаларда қоғамдық орында арақ ішкен, шекілдеуік шаққан, темекі шеккен, көліктерін рұхсат етілмеген орындарға қойған, аулада жатқан қоқыстар түсірілген. Прокурорлар «мобильді қосымшаның жүзеге асқанына көп болған жоқ. Бірақ, жұртшылық өте белсенді. Тұрғындар өздері өмір сүріп отырған ортаның тазалығы, туған қалаларының тыныштығы,тәртібі үшін алаңдайды деген сөз. Мобильді қосымша онлайн режимде жұмыс істейді. Келіп түскен хабарларды кезекші оператор қабылдап, тиісті мекемеге жолдайды, - дейді.
Қазір мобильді қосымша қызметіндегі ұяшықтар арқылы мемлекеттік органдар мен тұрғындар арасында кері байланыс орнату жөнінде жұмыстар жалғасуда.
Фарида Бықай
«Егемен Қазақстан»
Павлодар