Құдай ақырын берсін, бүгінде әлеуметтік желіден тыс өмір сүру мүмкін болмай қалды ғой.

«Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызған» демекші, оның пайдалы жағына қоса, күнделікті өмірімізге кері әсерін тигізетін зиянды, залалды тұстары да жоқ емес. Ендеше, таяқтың екі ұшы болатыны сияқты, қоғамымызға мықтап еніп, тұрмыстағы кейбір қиыншылықтарды жеңілдетіп бергеніне мәз бола бермей, кейінгі жас өрендерді жеңіл-желпінің соңынан жетектеп ертіп бара жатқан бұл шіркініңіздің теріс тұстарына да алаңдамай тағы болмайды. «Жұмысы жоқтық, тамағы тоқтық аздырар адам баласын» демекші, соның бірі – фейсбуктегі «Тікелей эфир». «Бұлардың қолдары бос па, еріге ме, не нәрсе өзі?» деп 4-5-еуін арнайы сараптап көруіміздің нәтижесінде түсініксіз жайттарға тап болдық. Көздері бақырайып, тілін жұтып қойғандай үнсіз отырған сабаздардың сондағы мақсатын білмей дал боласыз. Одан: «Неге сөйлемейсіз? Бірдеме десеңізші», деп үздігіп, үзіліп сұрап жатқан жұрт. Сөйтсе де, әлгі сабазыңның беті бүлк етпей, нанын, не сағызын шайнап отыра береді.
Жайдан-жай еріккеннен фейсбук арқылы «Тікелей эфирге» шығу – әдеп пен салттан жұрдайлықтың белгісі дегеннен басқа ештеңе емес. Болмаса толған айдай томпиған келіншектің диванда шалқасынан жатып алып әркіммен бір әңгіме-дүкен құрғаны әдептілікке жата ма? Әсіресе, қазақтың жап-жас келіншектері солай еткенде, «Апыр-ай, мына заман не боп барады?» деген қауіптің жүректі оттай қарып өтері сөзсіз. «Тым сымбатты екенсіз» деп қояды оған іші пысып отырған сырттағы біреу. Осы мақтауға мына сабазыңның танауы делдиіп, әлдеқандай болып жатады. «Әдемісіз деп жатыр мені, рахмеее-еет» деп риясыз ыржияды. Диалогтың сиқы осы. «Ішіңіз пысып жатыр ма, аты-жөніңіз кім, танысалық, телефон нөміріңіз қандай?» деп қалжыңдасқан жандардың олардың мұнысына соншалық қолдау білдіріп жатқаны шамалы-ақ. «Мына сықпытымды қазір ата-анам, жақын туыстарым, таныстарым, әріптестерім... көрсе ұят-ау» деген ой қаперіне кіріп-шықпаған мұңсыз жанардың «арбауына» алданбағандар: «Сен сияқтыларды ауылға апарып сиыр сауғызып қояр ма еді», «Басыңдағы жастығыңның тысы сөгіліп кетіпті, босқа жатқанша соны неге тігіп алмайсың», «Кет эфирден» «Өзіңді жарнамалаған түрің бе?», «Еріккен әйел екенсің»... деп неше түрлі ауыр сөздерді қарша боратып жазып-ақ жатады. Қазір енді осы сөздерден кейін миы жоқ адам болмаса түсінер, жүрегіне жетер деп әжептәуір нәтиже күтетінің рас енді. Бірақ ата-бабамыздың салт-дәстүріне жат өрескелдікке реніш білдіріп, «қазақтың қыздарына мұндай жөнсіз қылықтар жараспайды, әдепті болыңдар, арсыз болмаңдар» деп жан-жақтан жұрт қанша жабыла жазғанмен одан қорытынды шығарып жатқан олар жоқ.
«Тікелей эфир» арқылы маңызды мәселелер қозғалып, жастарға лайық әдепті әңгіме әсерлі рухта жібектей есіліп тұрса, көре алмағандай оған неміз бар шүйлігіп. Негізі ол келешекте ашық пікірлесу алаңына айналса, бір ғанибет болар еді-ау. Бірақ қайдағы? Сондықтан мұның бәрі қазіргі «Әй, дейтін әже, қой, дейтін қожа жоқтықтың» салдарынан орын алып жатқан жайлар екені түсінікті. Қазақы салтқа үйіріп, адамның келбетіне имандылық пен адамгершіліктің ізгілік нұрын себелеп тұратын, шалкес мінезді жанның өзін шалғайға шашау шығартпас қазағымның қасиетті ежелгі дәстүрлері-ай десейші. Интернеттің икемге көнбейтіні, оған бұғау салу қиын. Алақанмен айды көлегейлеп тұра алмайтыныңыз сияқты қазір технологиялық жетістіктердің бәріне рухани тереземізді елексіз ашып тастадық. «Оның пайдалысы қайсы, қазақы қалыппен қиыспайтын тұсы неде?» деген сыни сүзгі жоқтың қасы. Ол кімнің қолында? Баланың ба, дананың ба, мұны тексеріп, бағып-қағып отырған ешкім жоқ. «Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетедінің» кері ме деген ойдың осы тұста қылаң беріп қалуы тағы заңды.
Желідегі халыққа бәрібір. Олар мұндайларды жүректің елегінен өткізіп қабылдап отырған жоқ. Жалпы, қазір өзі әлеуметтік желіде рухани сүзгі деген бар ма десеңізші әуелі. Оған дәлел – «Тікелей эфирдегі» қылжақ әңгімелер мен ойсыз көздер. Бақсақ, «Тікелей эфирге» адамдар өздерін жарнамалау үшін шығатын сияқты. Бірақ жарнамалаудың жөні осылай болады екен деп, айнаның алдында тұрғандай шашыңды тарап, көздеріңді жыпылықтатып отырғаның өзіңнен басқа кімге керек? Бұл негізі өнеріңмен бөлісуге, ойыңды ортаға салып, көпшілікпен пікір алмасуға арналған тетік емес пе? Сылаңдап, сыланып түр-әлпетіңді жұртқа жария ететін алаң емес...
Қорыта келгенде, қазіргі біз куә болып жүрген «Тікелей эфир» көңілге түрлі ой салады. Атам қазақ: «Сөз сүйектен өтеді», «Отыз тістен шыққан сөз – отыз рулы елге тарайды» деп бір ауыз сөздің қауызына үлкен мағына сыйғызған халық емес пе еді. Ал енді мынадай бейнебаяндар, өздерін жатпай-тұрмай жарнамалап жатқан жандардың тірлігі сол қазақы қасиеттен бірте-бірте көз жазып бара жатқанымыздың айқын мысалы іспетті әсер қалдырады. Желідегі желпу сөз жеті қырдан асып, бейәдеп бейнебаяндар әке-шешесі ертелі-кеш жұмыстан қолы босамайтын қазақ балаларының санасын улап, үлкен қауіп тудырып жатқандықтан, қайта-қайта оралып тұратын негізгі әңгімеміз осы болып қала бермек.
Қарашаш ТОҚСАНБАЙ,
«Егемен Қазақстан»
Ақтөбе облысының Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:27
Қостанай облысында жоғалған жылқышы 6 күннен кейін табылды
Аймақтар • Бүгін, 16:11
Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу мерзімі тағы 1 жылға ұзартылды
Қазақстан • Бүгін, 15:55
Шекара қызметі «Қарасу» өткізу пунктінде контрабандалық жүкті ұстады
Қазақстан • Бүгін, 15:44
Сенаторлар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысты
Парламент • Бүгін, 14:26
Ақпарат министрі кәсіби журналистиканы дамыту жоспарымен бөлісті
Қоғам • Бүгін, 13:14
Ақпаратқа мемлекеттің түбегейлі монополиясы жоқ – Аида Балаева
Қоғам • Бүгін, 12:56
Азаматтық ұйымдар жеке бастың емес, қоғам игілігі үшін қызмет етеді - Аида Балаева
Қоғам • Бүгін, 12:53
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Мың алғыс» қайырымдылық телемарафонын өткізеді
Қазақстан • Бүгін, 12:45
Ақмола облысындағы мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • Бүгін, 12:35
Сенатор Күрішбаев сауда орталықтары үшін алдын-ала белгіленген бағалардың дұрыстығына күмәнданады
Парламент • Бүгін, 12:15
Экономика • Бүгін, 11:45
Алматыда 452 көпбалалы отбасы баспанамен қамтылады
Аймақтар • Бүгін, 11:04
10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары
Экология • Бүгін, 10:33
Өлтіріп кеткен: Алматы облысында пәтерден 3 адамның мәйіті табылды
Аймақтар • Бүгін, 10:00
Еңбек министрлігі зейнетақы ақшасына автокөлік сатып алу туралы ұсынысқа жауап берді
Экономика • Бүгін, 09:45
Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Руханият • Бүгін, 09:20
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • Кеше
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • Кеше
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • Кеше
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Кеше
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • Кеше
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • Кеше
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • Кеше
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • Кеше
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • Кеше
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • Кеше
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • Кеше
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • Кеше
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • Кеше
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • Кеше
Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі медицина қызметкерлерінің еңбекақысы өсті
Аймақтар • Кеше
Қазақстандықтардың несиесі 7,6 трлн теңгеге жетті
Қаржы • Кеше
Түркістанда құдалық өткізгендер жауапқа тартылды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттен шалғай орналасқан ауруханаға КТ аппараты орнатылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда қосымша жұмыс орындары ашылады
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар